Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Билік 4680 0 пікір 20 Қыркүйек, 2016 сағат 15:00

Б.САҒЫНТАЕВ. "ӘКІМДЕРДІҢ БАЗАР АРАЛАУЫ - ПОПУЛИЗМ"

 

Әкімдердің базар аралауы бағаны тұрақтандырмайды, тек әкімдердің жеке басын жарнамалайтын тәсіл ғана. Мұндай ойды бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев айтты.

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишимбаев пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин

«Біздің кейбір әріпстестеріміз лауазымды қызметке тағайындалған соң базарларға барып, бағаларды инспекциялап жатады. Дегенмен де олар базарға барған кездерінде тауарлар мен өнімдердің бағасын саудагерлердің лезде төмендетіп тастайтынын өте жақсы біледі. Олар кеткеннен кейін саудагерлер ескі бағаны қайта қояды. Бұл өз кезегінде популизмнен басқа ештеңе бермейді. Сондықтан нақты, қажетті, жүйелі шараларды жүзеге асырыңыздар»  деді Үкімет басшысы.

Көптің көзіне түсіп қалуға тырысатындар (популисттер) туралы айтқан Үкімет басшысының бұл сөзі де көпке ұнау үшін (популизм үшін) болмаса жарады...

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір