Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Қоғам 6098 1 пікір 20 Қыркүйек, 2016 сағат 13:08

ПРОКУРОРЛАР ҚР «ПРОКУРАТУРА ТУРАЛЫ» ЗАҢЫН БҰЗЫП ОТЫР

Мен жеке азамат ретінде 13.09. 2016 жылы ҚР Бас Прокуроры Ж.Қ. Асановқа арнайы хат жазып, ҚР «Прокуратура туралы» заңының 26-бабының 1-тармағында «Жеке не заңды тұлғалардың заңнамалық актілерді бiлмеуi немесе дұрыс түсiнбеуi заңнамалық актілерді не азаматтың немесе шектелмеген тұлғалар тобының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға алып келуі мүмкін деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде прокурор заңнамалық актінің мазмұнына түсiндiрме бередi» деп нақты көрсетілгенін атап өтіп, ҚР Жер кодексінің, ҚР «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңының кейбір нормаларының мазмұнына түсiндiрме берудi сұраған едім.

Алайда, ҚР Бас прокуратурасы маған түсiндiрме беру туралы жауап хатын Астана қаласының прокуратурасына сілтеді, Астана қаласының прокуратурасы Астана қаласы «Алматы» ауданының прокуратурасына сілтеді, ал Астана қаласы «Алматы» ауданының прокуратурасы маған жауап беруді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетіне сілтеді.

Нәтижесінде ҚР «Прокуратура туралы» заңының 26-бабында көрсетілген «заңнамалық актінің мазмұнына прокурор түсiндiрме бередi» деген талап барлық деңгейдегі прокуратуралар тарапынан өрескел бұзды.

ҚР Бас прокуратурасы, еліміздің негізгі қаласы Астананың прокуратурасы осылай өзінің заңын бұзып отырса басқалардан не күтуге болады?

ҚР Жер кодексінің, ҚР «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңының кейбір нормаларының мазмұнына түсiндiрме берудi сұраған тағы бір хатты жер мәселесіне тікелей жауапты орталық атқарушы орган- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне де жолдадым. Олардың тарапынан қанша заң талабы бұзылатыны қазірше белгісіз.

Егер Ауыл шаруашылығы министрлігі де заң бұзса Бас прокуратурамен қоса сотқа беру керек деп ойлап отырмын.

Құқықтық Қазақстандағы жағдай осындай, бауырлар!

Мақсат Ілиясұлы

Abai.kz

1 пікір