Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2734 0 пікір 20 Қыркүйек, 2016 сағат 09:33

Кентауда оттекті өңдеп шығару цехы ашылмақ

Бүгінгі таңда Кентау қаласы индустриалды аймағында тағы бір жобаның іргетасы қалануда. Жеке кәсіпкер Ермек Әуезов «Оттекті өңдеп шығаруды ұйымдастыру» жобасы бойынша жаңа цехтың құрылысын бастады. Бұл туралы "Абай-ақпарат" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Құны 45 миллион теңге болатын жоба аясында өндіріс орнында жылына 25500 дана оттек баллонын толтыру көзделуде. Жаңа цехқа бөлінген жер телімі 0,25 гектар. Қаражат мәселесі екінші деңгейлі банк - «Сбербанк» Акционерлік қоғамы арқылы шешілуде. 
2017 жылы пайдалануға берілетін цех толық қуаттылыққа шығып, іске қосылғанда 10 адам жұмыспен қамтылатын болады. Бүгінде аумағы 25 гектарды құрайтын Кентау қаласының индустриалды аймағында бұдан бөлек 4 жоба бар. Оның екеуі трансформаторға қажетті құрылғыларды шығарумен және асфальт-бетон қоспасын өндірумен айналысса, қалған екі жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар іске қосылғанда Кентауда трансформатор бөлшектерін шығару және бентонит ұнтағын өндіру зауыттары іске қосылатын болады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталғанын хабарлаған еді. 

"Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады",-деді Мемлекет басшысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502