Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2689 0 пікір 20 Қыркүйек, 2016 сағат 09:24

Сирия бітімгершіліктің "аяқталғанын" мәлімдеді

Сириялық SANA агенттігінің хабарлауынша, президент Башар Асад жүйесінің Қарулы күштері оқ атпау туралы бітім аяқталғанын жариялады.

Мәлімдемеде сириялық жүйенің қарсыластары бітім шарттарын бірнеше мәрте бұзғаны, оқ атпау мерзімін жаңа шабуылдар бастауға пайдаланып келгені айтылады.

Дамаск ұстанымы Ресей Қарулы күштері Бас штабының бас шұғыл басқарма бастығы Сергей Рудковтың мәлімдемесінен соң бірнеше сағаттан кейін белгілі болды. Ресейдің қорғаныс министрлігі сириялық үкімет күштері бітім шарттарын бір жақты сақтаудың ешқандай қажеттігі жоқ деп есептейді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джон Кирби 19 қыркүйекте сириялық қолбасшылықтың мәлімдемесіне байланысты ресейлік тараптан түсініктеме күтетінін мәлімдеді. Ол оқ атпау жүйесін сақтауда Дамаск үшін Ресей жауапты болғанын атап өтті.

Сириядағы бітім биыл 12 қыркүйекте басталды. Женевада ұзаққа созылған келіссөздер барысында АҚШ пен Ресей дипломатиялық мекеме басшылары Джон Керри мен Сергей Лавров осындай ортақ келісімге келген еді.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504