ОҚО-да “Оңтүстік самалы” авторлық әндер фестивалі өтті
Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік Самалы -2016» авторлық әндер фестивалі өтті. Арыс өзенінің жағасында өткізілген үш күндік шараға 500-ге жуық адам қатысып, өткен жылдармен салыстырғанда қатысушылар мен көрермендер саны анағұрлым артқан.
Бұл туралы «Абай ақпарат» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Айта кетейік, биылдыққа үшінші рет ұйымдастырылған халықаралық авторлық әндер фестиваліне қатысуға 70 үміткер іріктеліп алынған. Тек топты оза шауып, өз өнерімен жиналғандарды тамсандырған ресейлік қонақ Олег Деманов бас жүлдені иеленді.
Бұдан бөлек, он сегіз аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Айта кету керек, фестивальда еліміздің барлық облыстарынан және Өзбекстан, Ресей елдерінен келген қатысушылар бақ сынасты.
Айта кету керек, үш күндік шара ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының бастамасымен өткізілді. «Оңтүстік Самалы» авторлық әндер фестивалі келесі жылы тағы да жалғасын табатын болады. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысында өткізіліп жатқан алғашқы шара емес. Аталған бағыттағы іс-шаралар ОҚО-да жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Шараны тамашалаған оңтүстік шаһар тұрғандары алған әсерлерінің тамаша екендігін айтады.
Дереккөзі: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Abai.kz