Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3006 0 пікір 19 Қыркүйек, 2016 сағат 10:31

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН XАЛЫҚТЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында қала күніне орай жалпы халықтық марафон өтті. Шымкентте қала күніне арналған xалықтық марафонға 4 мыңнан астам шаһар тұрғыны қатысты. Бұл туралы «Абай ақпарат» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қала күнін мерекелеудің екінші күнінде шым қала тұрғындары  5000 метр қашықтыққа жүгірді. Салауатты өмір салтын сақтаған 4 мыңнан астам шаһар тұрғындары Дінмұхамед Қонаев атындағы даңғыл бойындағы «Royal» фитнес клубынан "Наурыз" алаңына дейінгі бес шақырымды бағындырды.

Айта кетерлігі, мұндай спорттық сайыс Шымкентте осымен 17 рет өткізіліп отыр. Сондай-ақ, жүгіру сайысының қорытындысында 12 аталым бойынша 30 жүлдегер анықталып, барлығы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Бұл реткі бұқаралық марафон сайысының ең жас қатысушысы Сапарxан Бақдәулет пен Амантай Aян небәрі жеті жаста болса, ең қарт жүйріктер 65 жастағы Юрий Остапенко мен Зайцева Ираида есімді ақсақалдар болды.

Дереккөзі: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz    

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524