Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2812 0 пікір 18 Қыркүйек, 2016 сағат 15:20

Қамбаға 470 мың тонна масақты дәнді дақыл түсті

Оңтүстік Қазақстан облысында жазғы дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл облыс дихандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді.

Оңтүстіктің шаруалары 214,4 мың гектар жерге егілген масақты дәнді дақылдардың әр гектарынан 22 центнерден, барлығы 470 мың тонна өнім жинады. Бұл Қазақстанның егемендік алған жылдардан бергі өңір дихандарының жеткен жоғары жетістігі деп айтуға болады.

Мәселен, Қазығұртта 42 мың гектар жерге егілген астықтан гектарына 26,5 центнер, Төле би ауданы 20,6 мың гектар астықтың әр гектарынан 26 центнерден өнім алса, түлкібастық шаруалар 24,8 мың гектар алқаптан 25,2 центнерден өнім жинады.

Сонымен қатар, облыста дәндік жүгеріні ору науқаны басталып, 40,1 мың гектар жерге егілген жүгерінің бүгінде 3,3 мың гектарына орақ түсті. Оның гектарынан 42,4 центер, барлығы 13,8 мың тонна өнім жиналды. Ал 74 мың гектар жерге егілген мақсарының бүгінде 28,7 мың гектары орылып, одан 20,1 мың тонна өнім алынды. Алдын-ала есеп бойынша диқандар әр гектарынан 7 центнерден жалпы 52 мың тонна өнім жинауды жоспарлауда.

Жалпы алғанда облыста осы жылы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515