Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2425 0 пікір 16 Қыркүйек, 2016 сағат 14:53

Кореялық компания инвестор болмақ

Оңтүстік Қазақстан облысы басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды Корея мемлекеті «KISCO» компаниясының президенті Чой Джун Хван мырзамен кездесті. Басқосуда Д.Сатыбалды өңірдің негізгі жетістіктері мен ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласындағы даму көрсеткіштеріне тоқталып, инвесторларды облыстағы бірқатар инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.
Өз кезегінде Чой Джун Хван мырза ауқымды жобаларды жүзеге асыруда сенім білдіріп отырғаны үшін билік өкілдеріне алғысын жеткізіп, бірлесе жұмыс істеуге ықыласты екенін білдірді. Мәртебелі мейманды 6-7 қазан күндері Шымкент қаласында өткен халықаралық «Ontustik Tourism 2016» туристік форумына құрметті қонақ ретінде қатысып, өңір мүмкіндіктерімен тереңірек танысты. Жалпы алғанда Оңтүстік өңірі туризм саласын дамытуға қолайлы деп есептеледі. Сол себепті де жергілікті билік соңғы жылдары туризмге көбірек көңіл бөліп, нәтижесінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізуде. Облысымызда жеке инвесторлардың қатысуымен табиғаты көркем жерлерде қызмет көрсету деңгейі халықаралыөқ стандарттарға сай демалыс орындары жаппай бой көтеруде.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «KISCO» компаниясының президенті Чой Джун Хван мырза ОҚО-да ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыруда сенім білдіріп отырғаны үшін билік өкілдеріне алғысын жеткізіп, қабылданған келісімдер алдағы уақытта өз жемісін беретініне үлкен сенім білдірдген болатын. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540