Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4387 0 пікір 16 Қыркүйек, 2016 сағат 11:30

630 МЫҢНЫҢ АЛТЫН КРЕСЛОСЫНА КІМ ОТЫРАДЫ?

Ақтөбе облысы әкімдігі алтынмен апталған креслоға тапсырыс берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай лот Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар сайтында пайда болған.

Ақтөбе облысы әкімінің Іс басқармасының жетекшісіне арналған бір креслоның құны - 630 мың теңге. Лоттың сипаттамасына қарағанда, кресло бұзау терісінен жасалуы тиіс әрі сапалы болуы керек, ал шеттері жезбен әспеттелуі тиіс екен. Сонымен қатар, әкімдік креслоның ою-өрнегі болғанын, алтын жалатылған жезден жасалғанын қалайды.

Жетекші лауазымдағы қызметкерлермен қатар, қонақтарға арналған тағы екі креслоға тапсырыс берілген, олардың әрқайсысының бағасы 560 мың теңге деп көрсетілген.  

 

Ал Ақтөбе әкімдігіндегілер мұндай бағалы лоттардың жағдайын түсіндіріп берді. Меморганның заңгері Бақытбек Ахметжановтың айтуынша, тапсырысты сайтқа орналастырған маман тауар құнын өзгертуді ұмытып кеткен.   

"Біз бүгін бұл лотты алып тастаймыз. Қызметкер креслолардың санын қаражаттың жоқтығына байланысты азайтқан, бірақ бағасын өзгертуді ұмытыпты (...) Бастапқыда біз қонақтарға арналған 10 креслоға тапсырыс бергіміз келді (1,1 миллион теңгеге - Авт.) және жетекшілерге арналған алты кресло алғымыз келді (630 мың теңге - Авт.), бірақ олардың санын үшеуге қысқарттық. Біреуі облыс әкімінің Іс басқармасының жетекшісі Әділ Сейсенбаевқа және тағы екеуі қонақтарға арналған. Біз қазір мұны түзеп жатырмыз, тапсырысты алып тастаймыз, мемлекеттік сатып алулар сайтынан бұл мәлімет өшіріледі. Ал алтынмен апталған элементтеріне келсек, мұнда алтын түстес дегенді айтқысы келген, алтын түстес металл қара фонда және қайыстан жасалған болуы керек, - дейді заңгер Бақытбек Ахметжанов. - Жеткізіп берушілер телефон соғып, түсін, өлшемін біліп жатыр, лот 3 қазанға дейін жарияланған. Бірақ біз оны алып тастап жатырмыз".

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5536