ОҚО диқандары 1000 тоннаға жуық бақша өнімдерін жинады
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егіс көлемі өткен жылдан 12,8 мың гектарға артып, 788,6 мың га құрап отыр.
Осы жылы облыс дихандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді.
Мәселен, диқандар 214,4 мың га жерге масақты дәнді дақылдар егіп, оның әр гектарынан 22 центнерден (2015 ж -17,8 ц/га), барлығы 470 мың тонна өнім жинаған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 123 мың тоннаға артық. Айта кетейік, биыл шаруалар жалпы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, облыста бүгінгі күнге дейін 866 мың тонна көкөніс, 991 мың тонна бақша, 181 мың тонна картоп жиналды. Аграрлы аймақтың тұрғындары жалпы биыл 125 мың тонна жеміс-жидек және 73 мың тонна жүзім жинауды көздеп отыр. Бүгінге к.нге дейін олар 47,6 мың тонна жеміс, 23,2 мың тонна жүзім жинаған.
Жиын-терім жұмыстарымен қатар, мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаруалар қәзірге жоспарлаған 3484,4 мың тоннаның 3747 мың тоннасын (108%) дайындап үлгерген.
Abai.kz