Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4676 0 пікір 12 Қыркүйек, 2016 сағат 20:17

ОҚО-да электр қуаты тапшылығын азайтуға бағытталған жұмыстар қолға алынуда

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау шеңберінде «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы өзен ағыстарының энергетикалық әлеуетін зерттеді. 

    Өңірдегі төрт негізгі өзен ағыстары бойынша (pre-feasibility деп аталатын) алдын ала техникалық-экономикалық негіздеу нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында жиынтық қуаты 120 МВт-ты құрайтын тиімді гидроэнергетикалық әлеуеті бар 43 нүкте анықталған.  Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  «100 нақты қадамның» 52-ші және 56-шы қадамдары бойынша жұмыс істеп, атқарылған шаруалар туралы айтқан «Шымкент» ӘКК» ҰК АҚ басқарма төрағасы Талғат Алпысбаев хабарлады. 
     Қазіргі уақытта «Шымкент» ӘКК» облыста шағын гидроэнергетиканы дамытуға инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алғашқы нәтижелер де бар. 
Мәселен, корпорация жетекшілігі Endustriyel Elektrik түрік компаниясымен бірлесе отырып, Түлкібас ауданында белгіленген қуаты 4 МВт, құны 6 млн. АҚШ долларын құрайтын шағын ГЭС салу үшін бірлескен кәсіпорын құрды. Жобаны іске қосу 2017 жылға жоспарланған. 
      Баспасөз жиынында Т.Алпыбаев облыс әкімдігінің қолдауымен жеке инвестор Сарыағаш ауданында қуаты 2 МВт болатын шағын ГЭС жобасын іске асырып жатқанын, мнан бөлек, бүгінгі таңда 2 жоба әзірлену үстінде екенін тілшілермен бөлісті. 
   «Облыстың шағын гидроэнергетикасын одан әрі дамыту, инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Шымкент» ӘКК» барлық мүдделі тұлғаларға өзен ағыстарының энергетикалық әлеуетін зерттеу нәтижелерін ұсынуға дайын. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында шағын ГЭС жобаларын іске асыру кезінде қажетті консультациялық қолдау көрсетуге әрдайым әзір», - деді төраға.
       Айта кетейік, қазіргі уақытта облыстағы кәсіпорындар мен тұрғындардың электр энергиясын жылдық тұтынуы шамамен, айына 400 МВт құрайды. Оның 114 МВт-ы (29%) ішкі қуат есебінен өндірілсе, 286 МВт (71%) Қазақстанның басқа өңірлерінен сатып алынады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450