Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4496 0 пікір 6 Қыркүйек, 2016 сағат 11:44

ИМПЕРИАЛИСТ БОЛУ - АРМАНЫМ


Негізі бар ғой, империалист болған дұрыс па деген ойға келдім. Жақсы ғой, өзгенің жерін басып аласың, байлығын пайдаланасың, халқын бұратанаға айналдырасың, дініңе кіргізесің, тіліңде сөйлетесің.

Өмір бойы сенің алдыңда төменшіктеп тұрады. Ұлы халық атанасың. Тілім жойылып кетеді-ау деген мәселе тумайды. 50*50 бағдарламасын қабылдап әуре болмайсың. "Ұрандарды басқа тілде жазып қойыңдар, ұят болады" деп пәрмен бермейсің. Бұратанаға да амандық керек, "ойбай, әскеріңде территориямда ұстап отыр. Әйтпесе, басқа бір империалист басып алуы мүмкін" деп жат та келіп жалынады. Рахат қой,ә?

Әзілдеп отырған жоқпын. Жер шарын айналдырып қараңызшы, бір кездегі империалистер - ағылшындар, немесе француздарда тіл мәселесі дейтін қиындық бар ма? Латын Америкасы португал және испан тілдерінің отанына айналып келеді. Ағылшын және француз тілді елдердің өзіндік ұйымдары бар. Ол аздай, енді геосаясатта "орыс тілді жұртшылық" деген ұғым пайда болды. Көршіңнің ішкі ісіне араласқың келсе, "орыс тілді жұртшылықтың" мүддесін қорғаушы болып шыға келесің. Бітті. Ешқандай логика, ешқандай әділеттілік жоқ. Тек мүдде. Империалистік мүдде.

Әлемдік саясат не болып барады өзі? Тіл - саясаттың құралына айналды. Тіл саясаты саяси шоқпарға айналып келеді. Ал, біз, еліміздегі басқа ұлт өкілдерін қазаққа айналдыруға жүрексінеміз. Менсінбейміз - өзімізше. Олар қазақ бола алмайды, біздің қанымыз таза. Олар руға сыймаған соң қалай қазақ болады деп шалқаямыз. Ертең олар басқа біреудің саяси қолшоқпарына айналып шыға келетінін ойланып та жүрген жоқпыз. Қазаққа бір ұлт емес, ру-ру болып айтысып жүрген қолайлы. Нағашы, жиен болып сөз қағысып жүрсек - жетеді.

Баяғыда жүз-жүз болып жүріп, Ресейдің қоластына қалай өтіп кеткенімізді білмей қалып едік. Руды айтып отырғаным, біз әлі де болса бірұлттық психологияға жете алмай отырмыз. Жұмылған жұдырықтай ұлт қана империалист бола алады. Өзгені басып алып қарқ қылмасаң да ел мен жерді сақтау үшін империалық психологияның болғаны абзал.

Серік Жанболат

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5390