РФ ЖАҒДАЙЫНДА: ИМПЕРИЯЛЫҚ ИДЕЯ ҚАРЫН ТОЙДЫРМАЙДЫ
Ресей либералдық империя бола алады, бірақ либералдық империя болғысы келмейді. Ресейдің әскери - саяси империя болғысы бар. Ал, орыс халқының басым көпшілігі КСРО-ны аңсайды. Бірақ Ресейдің орысы, ашығын айтсақ, КСРО-ны емес, Ресей империясын қалайды.
Мәселенки, Путиннің Ресей империясы – қазіргі тұста либералдық жүйеге реалды альтернатива. Ресейде өткізілетін социологиялық зерттеулердің көрсететіні - орыс әлеуметі, қарапайым халықтың 80% өз басшысын қос қолын көтеріп қолдайды. Ол ол ма екен, орыс халқы Ресейдің басқыншылық саясатын да қолдайды. КСРО құлағаннан кейін соңғы он бес жылда қарапайым Ресей орысына жетпейтіні Ресейдің империалық айбары мен ұлы державалық сұсы. Ресей әскери-саяси қуатын бүгінгі күні исламистерді бомбылап Сирияда көрсетіп жатыр. Менің исламистерге жаным ашымайды, бірақ бомбалары мен ракеталары мектептер мен ауруханаларды да қиратуда, қираған үйлердің астында жүздеген бейбіт сириялықтар ол дүниеге кетті. Ресейдің осы ұстанымы халықаралық деңгейде түсінбеушілік туғызуда. Мәселенки, бүгінгі күні Ресей шиитер альянсын қолдайды. Ол – Асад билігі, Ирақтың шиитері мен Иран билігі. Ал Ресейдің мұсылмандары толығымен суннит мұсылмандар. Бұл жағдай Ресей мұсылмандары арасында наразылық тудырып келеді. Ресейдің Солтүстік Кавказынан – шешендер, тағы басқа Таяу Шығыстың кавказдықтары (кезінде олардың ата- бабалары Ресейдің Солтүстік Кавказынан Осман империясына көшкен) тағы басқа суннитер Асадқа қарсы, немесе ИШИМ құрамында соғысып жүр. Ресейдің әуе күштері арасында адам шығыны бар. Империалық пиғылда тәрбиеленген Ресей азаматтары, формальды түрде әскерден демалысқа шығып, Шығыс Украинада гибридтік соғысқа қатысып, «патриоттық миссиясын» орындап жүр. Қазақстандық орыстардың арасында да адасып жүргендер ұшырасады. Кейбір орыс текті отандастарымыз орыс қосындарына кіріп, Украинаның Донецк пен Луганск облыстарында ланкестікке қатысыпты.[1]Әрине, ұсталғаны тұтылып жатыр. Ресейдің ресми насихатшыл теледидары күндіз түні шаршамай Украинаның ішкі және сыртқы саясатын жамандауда. Қазақстанда тиылмайтын Ресей теле насихаты Батыс елдері, соның ішінде Европалық Одақпен, НАТО-мен «қырғи қабақ соғыста» десем болады.[2]
Орыс пен украин халықтары – тарихы ең жақын, туысқан халықтар. Бірақ Ресей Украинадағы орыс сепаратимзмін қоздырып, Украинадан Қырым жартыаралын тартып алып, өзінің құрамына қосты. Ол аз болғандай Шығыс Украинада гибридтік соғыс ашып, лаңкестік сепаратистік «республикаларды» қолдады. Орыс тіліндегі Википедия бұл жайлар туралы былай жазады: В результате событий февраля - марта 2014 года Крым был присоединён к Российской Федерации. В соответствии с позицией России, Крым и Севастополь с 18 марта 2014 года являются субъектами Российской Федерации, а «крымского вопроса» как такового не существует. В соответствии с позицией Украины, Крымский полуостров является территорией Украины, которую Россия временно оккупировала[3].
Сонымен Әлем қауымдастығы Ресейдің басқа елдің территориясын басып алуын құптамады және Ресейге экономикалық, финанстық, технологиялық санкциялар салды. Украинадан бұрын Ресей Грузияның Оңтүстік Осетиясын тартып алған. Зерттеуші Татьяна Урбанская былай деп сол соғыс туралы жазды: В 2008 году между Грузией, с одной стороны, и Россией, Южной Осетией и Абхазией — с другой, произошел вооруженный конфликт. В ночь на 8 августа после обстрелов грузинских сел, вооруженные силы Грузии заявили о намерении «восстановить конституционный порядок» на территории непризнанной республики Южная Осетия, и, в результате боев, заняли большую часть столицы региона – Цхинвали. В тот же день Россия вмешалась в конфликт и ввела войска на территорию Грузии, подвергла бомбардировке грузинские города, порты и военные объекты. Таким образом, военные действия вышли далеко за пределы Южной Осетии. А оккупация части Грузии российскими войсками была прекращена вообще только с участием международных посредников. Результатом августовских событий 2008-го стало объявление независимости от Грузии собственно Южной Осетии и Абхазии.[4]
Одан бұрын Ресей Приднестровье өлкесінде сепаратизм отын лаулатып Молдова территориясын бөліп алған. Приднестровьеде әлі де Ресей әскері тұр. Тағы Википедия.ру былай сөйлейді: Война на территории ПМР в 1992-ом году велась между молдавскими войсками (а также силами МВД и спецслужб), с одной стороны, и не признавшими распада СССР, вооружёнными формированиями (гвардией и другими) непризнанной Приднестровской Молдавской Республики, с другой стороны. 7 июля 1992 Республикой Молдовой было принято решение о прекращении огня, о чём Приднестровскую сторону уведомили через подписание документов президентами Республики Молдовы и России (как гаранта мира в СНГ и правопреемника СССР), однако локальные столкновения продолжались до ввода миротворческого контингента России[36] 29 июля 1992 года в Приднестровье, к 1 августа 1992 года «третья сила» (ХДНФМ), воевавшая на стороне Республики Молдова, также признала этот мир. Вооружённое противостояние завершилось подписанием перемирия и «замораживанием» вооружённого конфликта[5]. Бірақ Ресейдің геосаяси амбициясы мен тәбеті зор көрінеді. "Россия возьмет только Приднестровье, Гагаузию и юг Украины": обзор СМИ Молдовы[6]
Ресей баспасөзінде ең «опасыз халық – украин» ұлты, ал ең ««опасыз мемлекет – Украина», өйткені оларды АҚШ және Европалық Одақ қолдайтын «хунта билейді». Осы тұста Қазақстан Президентінің саясатының дұрыстығын мойындау керек. Ресейдің бірнеше топ ықпалды саясаткерлері (олардың атын атап жарнама жасамайық деп есімдерін келтірмедім) бірнеше рет Қазақстан территорясында сепаратистік пиғылды ұсыныстар жасаған еді, бірақ біздің Президентіміз Ресей Президенті арқылы олардың райын қайтарды. Ресейдің бізге шабуыл жасамау себебі Қазақстанның әскери қуатының жеткілікті болғаны. Бүгінгі Ресей қарулы күштері әскери адам шығынына төзімді емес. Егерде Қазақстан қарулы күштері осал болып, ал саяси дамуында тиянақсыздық байқалса, потенциалдық агрессор ретінде Ресей бізге шабуыл жасайтын еді. Елде, әскерде, халықта бірліктің болуы кез келген агрессорға әскери әрекет етуге жол бермейді. Кезінде менің ұсынысым төмендегідей болған. Қазақстанның солтүстегі қалаларын мықты қамалдарға айналдырып, онбес адамдық әскери топтарды қалаларда орналастыру. Онбестікке: бес снайпер, бес гранатометчик және бес автоматчик кіреді.Бұл мобильды топ өзінің әскери операцияларын бейне жазбаларға жазып қала герильясының пәрменін интернетте көрсетіп отырады. Бұл тәжірибе өзін шешендердің тәжірибесі ретінде Сирияның тар көшелі қалаларында пәрменді «қала соғысы» ретінде ақтаған. Қазір міне ел аман жұрт тыныш , территориямыз түгел және бірегей.
Ресейдің жұлдызы еңкейді. Путиннің келуімен Ресейде экономикалық реформалар тоқтап, керісінше милитаристік бағытқа бет алу күшейді. Ресей мемлекеттік бюджетінде жылма жыл әскери салаға көптен көп қаржы бөлінеді. Соңғы жылдары әлеуметтік шығындарды қысқартып, әскери бюджетке ақшаны халықтың аузынан жырып беріп жатыр. Ал Ресейдің ахуалы жылма жыл нашарлап келеді. Ресейдің Ішкі Жиынтық Өнімі (ары қарай ІЖӨ) көлемі жағынан әлемдегі алтыншы орыннан он бірінші орынға төмендей жылжып барады. Даулы дерек бермес үшін тағы да википедиядан мысал келтірейін: Экономика России — шестая экономика (по данным за 2015 год) среди стран мира по объёму ВВП по ППС. ВВП по ППС России за 2015 год составил 3717 млрд долларов. Номинальный ВВП России за 2015 год составил 1324 млрд долларов, по этому показателю Россия занимает 12-е место в мире. По ВВП по ППС на душу населения Россия на 2015 год занимает 48-е место[7].
Ресейдің ІЖӨ құлдырау себебін мамандар мен Ресей Премьер-министрі былай түсіндіреді: «Еще один комплекс причин (замедления роста ВВП) связан с исчерпанием возможностей посткризисного восстановления российской экономики. Замедлилась инвестиционная активность, предприятия реального сектора сталкиваются с дефицитом собственных инвестиционных ресурсов, ростом издержек и разрывом между уровнем доходности бизнеса и теми процентными ставками, которые предлагаются по кредитам». Мамандардың ұзақ пайымдауын қысқа қорытсақ: Ресей экономикасы 2000-2008 жылдары тәп-тәуір өскен-2000-10%, 2001-5,1%, 2002-4,7%, 2003-7,3%, 2004-7,2%, 2005-6,4%, 2006-8,2%, 2007-8,5%, 2008-5,2%. [8] Бұл өсім Гайдар реформаларының және мұнай бағасының шарықтап өсуінің әсері еді. Бірақ 2009 жылғы дағдарыс Путиннің экономикалық саясатына алғашқы сын болды, бірақ 7,8% құлдырау Ресей саясаткерлеріне сабақ болған жоқ. Олар либералдық реформалар емес , милитаризация жолына түсті. Ал Батыс альянсы Ресейге кешірімшіл саясат жүргізді. Бірінші агрессивтік прецендент Приднестровьеде, Таулы Қарабақта және Абхазияда байқалды: Ресейдің әскери қосындары бірқатар әскери акт жасады. Бірақ Батыс мемлекеттер альянсы пәлендей қарсы қимылға бармады, сонымен бірге олар НАТО-ның қатарын кеңейте және күшейте берді. Ресей -жас мемлекет қой, есіреді, есейеді, қояды дегендей үміттер болған шығар. 2010 жылы Ресей әлі де өсті- 4,5%, 2011- 4,3%, 2012- 3,4%, 2013- 1,3%, ал 2014-2015 жылдары Ресейдің ІІӨ одан ары құлай бастады. 2014 жылы ІІӨ тек 0,6 % ғана өсті, бұл рецессияның басы еді. Ресейдің статистикалық комитетінің баяндауынша, 2015 жылы ІІӨ 3,7% қысқарған. Дағдарыстың себебі ұзақ уақыт реформаларды қузамау және Батыстың Ресейге салған (Украинаның Қырымын аннексиялау және Украинаның Шығысындағы сепаратистерін қолдап «гибридтік соғыс» жүргізген үшін) санкцияларының әсері. Экономикалық рецессия тұрмыс деңгейінің төмендеуіне әкелді. Ресейдің статистикалық деректері бойынша кедейліктің ең шегінде қалған адамдардың саны 19 млннан асты. (2014 жылы РФ-дағы кедейлер саны 3 млн болған) [10]. Ресейдегі экономикалық рецессия белегілі дәрежеде тұрмыстың төмендеуіне әкелді. Ал тұрмыстың нашарлауы халық наразылығын тудыруда. Бүгінгі күні біз Ресейде кең көлемді наразылықты байқамаймыз. Ал наразылық акциясын жекелеп жүргізілушілерге билік тарапынан оперативті шара қолдануда. Оның үстіне орыс адамы империалық идеяға бас ұруда: «аш отырсам да Қырымды иеленсем болды» деген ұстаным кең тараған. Біздің ойымызша, империалық идея қарын тойдырмайды, кедейшіліктің үдеуі халықты империалық идеядан жерітеді. Ресейге үлкен дағдарыс келе жатыр, ал оның зауалы Ресей билігін шайқап жібере ме, жоқ па, мен білмеймін, көріпкелдік қасиетім жоқ. Бірақ орыс халқы бірнеше мәрте ұлы державашылдықтан Жаңа заман тарихының өзінде жеріген: бірінші рет 1917 жылдың ақпан айында. 1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыста. Сол соғысты абыроймен аяқтаудың орнына Ресей халқы патша үкіметін құлатып, одан кейін соғыстан шаршағанын білдіріп Уақытша үкіметін құлатты, 1918 жылы соғыстан шықтым деп, Германиямен сепараттық келісімге қол қойғаны бар. Екінші рет: орыс халқы өз еркімен КСРО-ны таратқаны тағы бар. Сонда орыс халқы 1917 жылдың ақпанындағыдай нанның жетіспеушілігінен тарыққан жоқ еді (бұл келе жатқан революцияға итермелеген сылтау ғана болған) .1989-1990 жылдардағы жәриялылықты пайдаланып орыс зиялылары еркіндікті (либералдық еркіндік – сайлау құқығы, демонстрация жасау құқығы, партия құру, еркін сөз т. б. с. с. ) талап етті. Ал қарапайым халық «калбаса мен ет қайда құрыды?» деумен болды. Осы жолы да сол болған сценарийлер қайталанып келетінге ұқсайды. Бұл жолы құласа, Ресей құр құламайды, РФ-ның құрамындағы тағы бірқатар елдер еркіндік пен егемендік алады. Ресей бұрын соңды көршілерінен тартып алған жерлердің біразын қайтарып беруге мәжбір болады. Ал Қазақстанның тынысы кеңейеді.Ешқандай Евразиялық одақ болмайды. Қазақтың өзі сол тілге жабыспаса, орыс тілінің өктемдік дәуірі таусылады.
Әзімбай Ғали
Abai.kz
.............................................................................
1.В участии в боевых действиях на Донбассе подозревают жителя Актобе. meta.kz 16 АВГУСТА 2016
2. Азимбай Гали Новая мировая «холодная война». altyn-orda.kz. 13 октября, 2013; Азимбай Гали Итоги Первой мировой "Холодной войны". Начало Второй мировой "Холодной войны": битва за Украину.08.02.2014 centrasia.ru
3. Проблема принадлежности Крыма ru.wikipedia.org
4. Татьяна Урбанская Мир, 07 августа 2013 unian.net
5. Вооружённый конфликт в Приднестровьеru.wikipedia.org
6. "Россия возьмет только Приднестровье, Гагаузию и юг Украины": обзор СМИ Молдовы30 Апрель 2014, timpul.md/ru
7.Экономика России ru.wikipedia.org
8. Медведев Дмитрий Анатольевич http://www.vestifinance.ru/articles/41771 - See more at: http://finik.me/post/165/#sthash.imku3Lmn.dpufwww.vestifinance.ru/articles/41771#sthash.imku3Lmn.dpuf
9. Росстат: ВВП России упал в 2015 году на 3,7% . 25 января 2016.bbc.com/russian
10. ПАДЕНИЕ УРОВНЯ ЖИЗНИ НАСЕЛЕНИЯ РОССИИ msk.kprf.ru 25.03.2016