Жұма, 11 Сәуір 2025
Жөн-ақ 4584 0 пікір 19 Тамыз, 2016 сағат 13:39

ЕНДІ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ ЗАҢСЫЗ АҚПАРАТ ТАРАТҚАНДАРДЫ БІРДЕН БҰҒАТТАЙДЫ

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтына жаңа қосымша енгізілді. Ол – шағымдану парақшасы. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің «Фейсбук» желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

Ендігі жерде Қазақстан Республикасының кез келген азаматы заңнамаларға әм заң нормаларына қайшы ақпаратқа қатысты онлайн түрде шағым, өтінім немесе ұсыныс қалдыра алады.

«Қымбатты достар, біздің министрлік сайтында «Шағымдану» бөлімі ашылды. Ол жерге кез келген азамат Интернетте Қазақстан заңнамасына қайшы келетін ақпараттың жарияланғаны туралы хабарламасын қалдыра алады.

Мәселе негізінен әлеуметтік желілердегі суицидті, есірткіні насихаттаған, терроризм мен экстремизмге, қатыгездік пен ұлтаралық жанжалға үндеген топтарға және сайттарға қатысты.

Аталған бөлімде қолданушы заң бұзушылық категориясын таңдап, материалдың сілтемесін енгізіп, шағымын уәкілетті органға жолдай алады. Біз тіркелу формасын қолданушыға барынша ыңғайлы, қарапайым етуге тырыстық», - дейді Дәурен Абаев.

Абаевтың айтуынша, аталған бөлімге келіп түскен әрбір шағым, өтінім бойынша министрлік мамандары шұғыл шаралар қолданады.

«Егер заң бұзушылық нақтыланса, олар еліміздің аумағында бұғатталады.Сонымен қатар, бізге журналистер тарапынан қандай да бір ресурстың не себепті бұғатталғаны туралы сұраным жиі түседі. Осы орайда біз мұндай ақпарат қоғам үшін ашық болуы керек деп санаймыз»,-деп жазады.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген контенттегі материалдарды жариялаған ақпарат құралдары нақты себептері көрсетіле отырып, ҚР территориясында бұғатталады екен.

«Алдағы уақытта ресурстардың жабылуының себебін көрсете отырып, бұғатталған сілтемелер базасын құруды жоспарлап отырмыз. Егер өзіңізге немесе жақындарыңызға қауіп төндіретін контентті көрсеңіз, сілтемесін мына адреске жолдауыңызға болады:http://mic.gov.kz/kk/complain» - дейді министр Даурен Абаев мырза.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1764
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4555
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3556