Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2526 0 пікір 15 Қараша, 2016 сағат 00:00

Орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің X республикалық «Тіл-парасат» байқауын өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ «Қазақстан  Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  X республикалық «Тіл-парасат» байқауын өткізеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Шара Алматы қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында (Құрманғазы көшесі 40) 2016 жылдың 24 қарашасында болады.

Шараның мақсаты – орыс жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін еркін меңгерген орыс жастарын анықтап, оларды ынталандыру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін, беделін арттыру.

Байқауға 18-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жүлдегерлері  қатысады.

Жеңімпаздар дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.

Байқау жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

Байланыс телефондары: 8/7172/ 40-83-97, 87023768400

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576