Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3050 0 пікір 14 Қараша, 2016 сағат 10:07

Иранда Трамптан "террорист" деп атағаны үшін кешірім сұрауын талап етті

Иранның рухани көсемдерінің бірі аятолла Ахмад Хатами АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампты сайлау қарсаңындағы науқан кезінде ирандықтарды "терроршылар" деп атағаны үшін кешірім сұрауға шақырды.

Бұның алдында Трамптың инаугурациясынан соң Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімі қайтара қаралуы мүмкін екендігі туралы айтылды. АҚШ мемлекеттік департамент өкілі Марк Тонер Иранмен келісімнің Вашингтон үшін ешқандай заңды міндеттемесі жоқ екенін мәлімдеген. Оның пікірінше, Трамп Иранға қарсы санкцияларды жұмсарту туралы президент Барак Обама қабылдаған жарлықтардың күшін жоя алады.

Биыл наурыз айында президенттік сайлау қарсаңындағы науқан кезінде Дональд Трамп Иранды "терроризмді қолдайды және Израильге қатер төндіреді" деп айыптаған. Миллиардер АҚШ президенті болып сайланған кезде Тегеранға қарсы шаралар қабылдауға уәде берген.

2015 жылғы желтоқсанда Сан-Бернардино қаласында 14 адамның өмірін қиған шабуылдан кейін Трамп мұсылмандарды "АҚШ-қа қауіп төндіреді" деп айыптап, олардың елге келуіне тыйым салуға шақырған. Миллиардердің бұл сөзі базпасөз бен әлеуметтік желілерде қатты сынға ұшырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1563
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3178
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1168
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1086