Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 4677 0 пікір 14 Қараша, 2016 сағат 07:09

ҚАНТ ДИАБЕТІ ЗАҒИПТЫҚҚА АПАРАДЫ

Бүгін, 14 қараша – Дуниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Көздің бас жауы – қант диабеті. Алматы қаласындағы Қазақ көз аурулары  ғылыми-зерттеу институтының офтальмологтары осы аурудың белгілерімен жиі кездесетіндіктен, бұл күнді назардан тыс қалдырмайды.  Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты осы топтағы науқастардың көру қабілетін заманауи әдіспен сақтау мақсатында құрылған «Макула» орталығының ашылғанына бір жыл толуын атап өтуде.

Қазіргі таңда қант диабетіне шалдығушылар жылдан-жылға күрт өсіп келеді. Десек те, өркениеттің дамуы, салауатты өмір салтын ұстанбау, дұрыс тамақтанбау диабетке шалдыққан адамдардың санын күннен-күнге көбейтетінін бәріміз біле бермейміз. Тағы бір айта кететін жайт, адам бұл ауруға шалдыққанын ұзақ уақыт, тіпті, 10 жыл бойы білмеуі мүмкін. Әрине өте қауіпті жағдай. Қазақстанда қант диабетімен ауыратындар саны 2002 жылы 90426 адамды құраса, 2015 жылы ол көрсеткіш 300 мыңға дейін өскен. Бұл тек қана ресми көрсеткіштер. Ал осы тізімге ілінбегендер саны қаншама... Ойлаудың өзі қорқынышты.

Қант диабеті несімен қауіпті? Айқын белгілерсіз және дерт асқынған жағдайда көзге, бүйрекке, жүрекке болатын әсерімен адам денсаулығына орасан зор қауіп төндіреді. Қант диабеті – бұл көру қабілетіне төнетін тікелей қатер болғандықтан, ол кеңінен таралған сайын жалпы өмір сүру деңгейі де  төмендей бермек. Сау адамдарға қарағанда, зағиптық қант диабетіне шалдыққандарда 25 есе көп кездеседі екен. Қант диабетіне шалдыққан әрбір науқастың ерте ме, кеш пе көру қабілеті нашарлайды. Ол ауру мерзіміне, қандағы қанттың мөлшеріне, диетаның ұсталуы, үнемі офтальмолог пен эндокринологтан тексерілуден өтуге тікелей байланысты. Көз қарығуы, блефарит, теріскен сияқты көз аурулары диабеттің белгілері болуы мүмкін. Бастапқыда көру қабілетінің төмендеуі және ауырсыну секілді қауіпті белгілер болмайды. Көздің шел басуы, қозғалмалы дақтар, оқудың қиындауы, аурудың қауіпті фазаға өтіп, диабеттік ретинопатияға шалдыққанның белгісі байқалады. Диабеттік ретинопатия – көрсоқырлыққа жетелейтін бірден-бір ауру. Одан айығудың ең дұрыс жолы – уақытылы жасалған көз торының лазерді коагуляциясы. Бұл ем көз торындағы бұзылу процесін тоқтатады. Егер ауруды емдемесе, зағиптыққа әкеліп соқтырады.

Бүгінгі таңда, қант диабетін бақылауда қатаң ұстап отыр. Сондықтан, егер сізде қант диабеті диагнозы қойылса, міндетті түрде, офтальмологтың тексеруінен өтіп, барлық талаптарды орындағаныңыз жөн. Қант ауруы - көрсоқырлыққа әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!        

Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446