«ALTYN BANK-ТЫ» ҚЫТАЙЛАР САТЫП АЛДЫ
Қазақстанның Халық банкінің меншігіне тиесілі «Altyn Bank» 60 пайыз акциясын Қытайлық компанияға сатты, - деп хабарлайды «forbes.kz» порталы.
«Қазақстанның Халық банкі» АҚ Қытайлық ірі қаржы институтымен стратегиялық мақсатта инвестиция тарту туралы келісім жасасқан. Соның нәтижесінде «Altyn Bank-тың» 60 пайыз акциясы Қытайдағы Chinа CITIC Bank Corporation Limited қаржы институтына берілген.
Ресми ақпаратарға сүйенсек, екі жақты келіссөздер жүргізіліп, Қазақстан-Қытай қаржы институттарының талқысынан кейін ғана қабылданған меморондум 2017 жылдың алғашқы жартысында Заңды күшіне енбек.
Ал «Altyn Bank» әрі қарай да қызметін жалғастыра береді-міс.
«Сондай-ақ, осы келісімдердің нәтижесінде бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік ашылып отыр. Halyk Groupтың «Нұрлы жол», «Жібек жолы – экономикалық белдеуі», «Бір белдеу. Бір бағыт» секілді жобаларды жүзеге асыруда негізгі рөлін айқындайды», - дейді «Халық банк» АҚ басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова. Сондай-ақ, Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова банк акцияларын сатуға – саяси жағдайлар себеп болғанын айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы «Халық банк» АҚ «HSBC Банк Қазақстанның» 100% акциясын 31 млрд тенгеге сатып алған еді. Кейін банк атауы "Altyn Bank" болып өзгерген. Енді міне, сол «Altyn Bank-тың» негізгі акциялары Қытайға сатылыпты.
Нұрзат Тоғжан
Abai.kz