Барак Обама мен Дональд Трамп Ақ үйде кездесті
АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама жаңадан сайланған президент Дональд Трамппен бейсенбі күні Ақ үйде кездесті. Жүздесу барысында олар ішкі және сыртқы саясатты талқылады. Обама билікті тапсыру үшін барлық жағдай жасауға уәде берді.
Обаманың сөзіне қарағанда, Трамппен кездесу "керемет" өтті. Жаңадан сайланған президент өзіне дейінгі мемлекет басшысын сыйлайтынын, Обамамен жаңа кездесулерді асыға күтетінін мәлімдеді.
Обама мен Трамптың кездесуі - билікті ресми тапсыру рәсімінің бір бөлігі. Кездесу жарты сағаттан аспайды деп жоспарланған, бірақ екеуі бір жарым сағат әңгімелесті. Жүздесуден соң олар ғимарат алдына жиналған журналистермен кездесуге шықты.
8 қарашада өткен АҚШ президентін сайлауда Республикалық партияның үміткері Дональд Трамп жеңіске жетті. Ол 279 өкілдің қолдауына ие болды, жеңіске жету үшін 270 дауыс қажет болған. Жаңа президенттің инаугурациясы 2017 жылы 20 қаңтарда өтеді.
Abai.kz