Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 10437 0 пікір 9 Қараша, 2016 сағат 14:48

ӘЗІРБАЙЖАНҒА ТӘН 12 ЕРЕКШЕЛІК

Әзірбайжан тұрмысымен тыныстап келе жатқанымызға бүгін, міне, бесінші күн. «Жүз рет естігенше, бір рет көр» дейді қазақ. «От қаланың» тұрғындары ел аңыз ғып айтатындай, шынымен-ақ, дәл өзіміз секілді қонақжай халық екен. Оған сөз жоқ! Қонақжай елдің дархан пейілін сезіне жүріп, мынадай ерекшеліктерін де байқап, көңілге түйіп қойдық. 

1. Әзірбайжанда кез-келген іс-шараның ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында тек қана ер адамдар жүреді екен. Әсіресе, әуежайдан бір емес, үш бірдей әзірбайжан азаматы өбектеп күтіп алғанда, қонақ қарсы алу мәдениетіне біртүрлі ішіңіз жылып қалады екен. Қалай дегенмен, нәзік жандылар «отрядынанбыз» ғой, приятно...

2. Әзірбайжанның жасы да, жасамысы да «Салам!» деп амандасады. Алғашында құлаққа түрпідей тиіп, ерсілеу естілуші еді. Қазір қалыпты қабылдаймын...

3. Баку көшелерінде тәртіп қатал. Қатаң түрде бағдаршам тәртібімен жүрмесеңіз, жауапкершілікка тартылуыңыз бек мүмкін.

4. Жоғарыда атап өткеніміздей, әзірбайжан халқы керемет қонақжай. Асханасы ұлттық тағам түрлеріне өте бай. Бірақ, тағамдары ащы және асқазанға өте ауыр. Мүмкін, кавказдықтарға бұл ең жеңіл ас шығар. Бірақ, қанша жерден бешбармақ жеп өссек те, әзірбайжан асханасын асқазаным әлі қабылдамай келеді...

5. Әзірбайжан көшелерін аралай қалсаңыз, фас-фудтан көз ашпайсыз. Әсіресе, донерге деген сұраныстары айрықша екен. 

6. Каспий теңізінің жағалауында орналасқандығына қарамастан, Баку халқы теңіз тағамдарына қатты әуес емес көрінеді. «Балыққа қарық боламын-ау» деп барған ниетіміз әзірге нәтижесіз...

7. Содан кейін бір таңғалғаным, бұл ел сүт тағамдарымен аса дос емес көрінеді. Дастарханнан бірен-саран сыр, брынза түрлерін ұшыратпасаңыз, айран, ірімшік, йогурт, сүт қосылып дайындалған ботқаны тек түсіңізде ғана көресіз.

8. Есесіне, мұнда тамақтанатын жерлердің барлығы дерлік ғиматарттың ең жоғарғы қабатынан орын алған. Қаланың сұлулығына, теңіздің таңғажайып келбетіне биіктен көз тігіп, тамсана отырып ас ішесіз. Маған, әзірбайжанның осы дәстүрі қатты ұнады.

9. Әзірбайжандар мейрамхана мәдениетіне, ғимараттың архитектурасы мен дизайнына қатты мән береді. Стилизациясынан ұлттың иісі аңқып тұрады. Тамақтанатын орын ғана емес, әзірбайжанның бар салт-дәстүрімен таныстырушы музей–мейрамхана рөлінде қызмет етеді әрбір асханасы. 

10. Сондай-ақ, бұл мемлекетте ақша айырбастау қияметтің қияметі. Егер сапарыңыз сенбі-жексенбі күндеріне түсіп қалса, онда тіпті қиын. Бұл күндері банк есіктері тарс жабық. Ал, көшедегі алыпсатарлардың қолынан айырбастау өте тиімсіз, ұтылып қаласыз. Доллармен есептесудің де пайдасынан гөрі, залалы көп. Оның үстіне, ақшаны қолдан айырбастаушылар валютаның әлемдік нарық бекіткен халықаралық теңгерімі негізінде емес, купюраны сапасына, яғни жаңа-ескі, дақ түскен немесе таза деген сыңайдағы критерийлері негізінде бағалайды екен. Ал, бұл туристерге тіптен тиімсіз. Сондықтан жұмыс күндеріне дейін, әзірбайжан көшелерін манатсыз (әзірбайжан валютасы) аралауыңызға тура келеді. 

11. Бакудегі маған ерекше ұнаған нәрсе – тарихи ескерткіштер мен мәдени орындардың: театрлардың, сауда орындарының барлығының бір-біріне өте жақын орналасқандығы. Жаяу жүріп-ақ, шетінен барлығын аралап шығуыңызға болады. 

12. Сонымен қатар, қалының таксилері де өте ерекше. Бәрі бірдей күлгін түсті. Арнайы шақыртумен (тәртіппен) қызмет көрсетеді. Көшеден тоқтату өте сирек кездеседі. 

Әзірбайжан ұлтының бұдан да басқа ерешеліктері жетеді, әрине. Оны жаза берсе, уақыт та, шыдам да жетпейді. Баку халқының әзірге біз байқап үлгерген негізгі ерекшеліктері осы. Қалғанын, есіме түскенде, кейін жалғастырамын.

Назерке Жұмабай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502