Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3556 0 пікір 8 Қараша, 2016 сағат 14:50

БҰҰ: Құндуздағы әуе шабуылдары тексеріліп жатыр

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ауғанстанның солтүстігінде америкалық әуе соққыдан ондаған бейбіт тұрғынның өлімі тексеріліп жатыр деп хабарлады.

БҰҰ миссиясының мәліметі бойынша, әуе шабуылдарының нәтижесінде Құндуздың Буз-е-Кандахари ауданында 32 бейбіт тұрғын қайтыс болып, 19 адам жарақат алған. Олардың көбі әйелдер мен балалар.

Өткен аптада 95 адам қаза тауып, 111-і жараланған.

«Бейбіт тұрғындардың өлімі жол берілмейтін жағдай. Бұл Ауғанстанға тұрақтылық пен бейбітшілікті қалпына келтіру үшін жасалып жатқан бар күш-жігерді бұзып отыр», —делінген БҰҰ бас хатшысының Ауғанстандағы өкілі, UNAMA басшысы Тадамити Ямамотоның мәлімдемесінде.

5 қараша күні америка әскері бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізуге уәде берді. АҚШ-тың Ауғанстандағы әскерінің қол басшысы, генерал Джон Николсон бейбіт тұрғындардың өліміне қатты өкініп, көңіл айтатынын жеткізді.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1506
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3122
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1116
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1041