Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3793 0 пікір 28 Тамыз, 2010 сағат 18:47

Шымкентте «Абай оқулары» облыстық конкурсы өтті

Шымкент. 28 тамыз. ҚазТАГ - Шымкентте облыстық «Абай оқулары» конкурсы өтті, деп агенттік тілшісі хабарлайды. Ол қазақтың ұлы ақыны, жазушысы, қоғамдық қайраткері Абай Құнанбаевтың туылғанының 165 жылдығына арналған.

«Бұл конкурс осымен төртінші рет өткізіліп отыр және өңірге танымал болды. Абай шығармашылығының арқасында конкурс қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықты дамытады», - дейді Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының бастығы  Балхия Комекбаева.

Конкурста көркем оқу шеберлігін әр түрлі ұлт өкілдері көрсетті. Олар аудандық, қалалық конкурс жеңімпаздары. Қатысушылар қазақша және өздерінің ана тілдерінде Абайдың шығармаларын және Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінділерді жатқа айтты, сондай-ақ Абай өлеңдеріне жазылған әндерді орындады.

Мамандар конкурстың қызықтығы ұлы ақын шығармашылығымен танысуда ғана емес, сонымен қатар оның шығармаларын басқа тілдерге аудару нұсқаларының сан алуандығымен, барлық ұлттар үшін моральдық ұғымдардың ортақтығымен қызық екенін атап өтті.

Конкурсқа қатысушылардың өздері Абай шығармаларын оқу қазақ тілін үйрену әдістемесінің пәрменді элементі дейді.

Конкурсқа қатысушылар мен жеңімпаздары дипломдар мен құнды сыйлықтар алды. Гран-при жеңімпазы қыркүйекте Астанада өтетін Қазақстан халықтарының тілдері фестивалі аясында қөтетін республикалық конкурсқа қатысу құқығына ие болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338