МЫҢБАЕВТЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ: 30 ОРЫНБАСАРЫ ЖОҚ ЕКЕН
Басқарушылық корпустағы 3 атқарушы вице-президент, 11 аға вице-президент, 8 қатардағы вице-президент және 6 басқарушы директордың бірсыпырасы билікте жүрген «Сәкелер» мен «Бәкелердің» балалары дедік.
Мыңбаевтың "мыңғырған орынбасарларының" арасында еліміздің экс-Бас прокуроры Рашид Түсіпбековтың ұлы, кезінде білім беру вице-министрі болған Тахир Балықбаевтың баласы, Инвестициялар және даму жөніндегі министр Жеңіс Қасымбектің туған інісі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Серік Әбденов бар екен-мыс.
Аталған ақпарат қоғамда қызу талқыға түскен. Осыдан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұны теріске шығарып: "Бір қатар республикалық БАҚ-тарда, ұлттық компанияның ұйымдық құрылымына қатысты, атап айтқанда топ-менеджерлер санының көбеюі туралы қате мәліметтер жарияланғанын хабарлаймыз" деді. Хабарламада былай делінген:
Келесідей ақпаратты хабарлауды қажет деп санаймыз.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрылымы бойынша С.Мыңбаевтың тікелей қарамағында:
- Өндіру, мұнай барлау және мұнай-сервистер бойынша атқарушы вице-президенті (Басқарма мүшесі);
- Тасымалдау, өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президенті (Басқарма мүшесі);
- Газ тасымалдау және маркетинг бойынша атқарушы вице-президенті (Басқарма мүшесі);
- Қаржы бойынша атқарушы вице-президенті – қаржы директоры (Басқарма мүшесі);
- Трансформация бойынша аға вице-президенті (Басқарма мүшесі);
- Құқықтық қамтамасыз ету бойынша вице-президенті (Басқарма мүшесі);
- Адам ресурастарын басқару бойынша вице-президенті (Басқарма мүшесі);
- Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша вице-президенті;
- Стратегия бойынша вице-президенті;
10. Инвестиция және тәуекелдерді басқару бойынша құрылымдық бөлімшесі;
11. Қауіпсіздік қызметі құрылымдық бөлімшесі қызмет етеді.
Бұның ішінде 7 басшы – Басқарма мүшелері болып табылады.
Егерде жоғарыда аталған лауазымдарды ТМД-ға дәстүрлі лауазымдар номенклатурасы бойынша қарастыратын болсақ, ҚМГ Басқарма төрағасының тікелей қарамағында:
- 4 орынбасар - бұл 4 атқарушы вице-президент.
- қалғандары - басқарушы директорлар - вице-президенттер деңгейіне сәйкес келеді.
Жалпы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында 89 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді.
Abai.kz