ТӘУЕЛСІЗДІК "НОВЫЙ ГОДТЫҢ" ТАСАСЫНДА ҚАЛМАСЫН
Бақытжан Сағынтаев Үкіметінің назарына!
Жыл сайын қараша айының ортасында Жаңа жылға дайындық басталып кетеді. Жыл сайын Тәуелсіздік мерекесі сол Жаңа жылдың тасасында қалып жатады. Бұл ұлттық мерекемізге - мазақ! Бұл мемлекет үшін көпе-көрнеу - ұят!
Биыл Тәуелсіздік мерекесінің 25 жылдығы тұсында жер-жерде Жаңа жылдық әзірліктерді Тәуелсіздік мерекесінен ерте бастауға тыйым салынуы керек! Қандай да бір сылтаумен болса да Жаңа жылдық безендіруге, шырша, "Дед мороздарға" жол берілмегені дұрыс. Көбі білсе де білмегенсіп, өз білгендерін істеп жатады. Сондықтан құлақ аспаған жеке тұлғаларға 50 АЕК, заңды тұлғаларға 100 АЕК айып салынсын!
Біз үшін жаңа жыл мерекесінен гөрі ұлттық мерекеміз - Тәуеліздік күні қымбат! Елбасының Астанада шырша оттарын жағуы Тәуелсіздік мерекесінен кейін жүзеге асырылуы орынды болады. Бұл ресми биліктің ұлттық құндылықтарға көзқарасын білдеретін сәт.
Егер биыл да бұрынғы жылдардағыдай Тәуелсіздік мерекесі "Новый годтың" тасасында қалса онда ең ұлы ұлттық құндылығымыздың билік үшін құны көк тиынға да тұрмайтынын білетін боламыз.
Бұл Қазақстандағы қазақ жұртшылығының ресми хаты.
Марат Тоқашбаев
Abai.kz