Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3697 0 пікір 7 Қараша, 2016 сағат 10:29

Клинтон мен Трамп азаматтарды сайлауға қатысуға шақырды

8 қарашада өтетін сайлаудағы басты үміткерлер Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп АҚШ президенті кім болатынын шешетін штаттарда сайлаушылармен кездесіп жүр. Екеуі де сайлауда кімге дауыс беретінін әлі шешіп үлгермеген сайлаушыларды өзіне дауыс беруге шақырды.

Сауалнама нәтижесі бойынша, Дональд Трамп Огайо штатында, ал Хиллари Клинтон Пенсильванияда алда келеді. Соңғы апталарда республикашыл үміткер қарсыласын қуып жетуге шақ қалды. Сайлауда кімнің жеңіске жететінін ешкім болжап айтқысы келмейді. 37 миллион америкалықтар алдын ала дауыс беріп қойды.

Сенбі күні WikiLeaks сайты демократтардың сайлау штабының басшысы Джон Подстаның хаттарының кезекті бөлімін жариялады.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1430
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3005
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1076
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1004