Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4157 0 пікір 3 Қараша, 2016 сағат 10:25

Меркель Сирия президенті Асад әскерін "адамзатқа қарсы қылмысы" үшін айыптады

Германия канцлері Ангела Меркель сәрсенбі күні сириялық үкімет әскерін "адамзатқа қарсы қылмыс" жасағаны үшін айыптап, оны жазасыз қалдыруға болмайды деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, кассеталық және өртегіш бомба, сондай-ақ химиялық қару қолдануды кешіруге болмайды. Бұл туралы Меркель Берлинде бейбітшілік сыйлығын алу кезінде мәлімдеді.

"Тұрғындар ашығып жатыр, медициналық мекемелер шабуылға ұшырады, дәрігерлер қаза болды, ал ауруханалар қирады", - деді ол. "Тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымының көмек көрсетушілері де бомбалауға ұшырауы мүмкін".

"Бұның барлығы адамзатқа қарсы жасалған қылмыстар. Біз бұны көзден таса қылмауымыз керек", - деді Меркель.

Адам құқығын қорғаушы ұйымдар және батыс елдері бұған дейін Ресейдің әуе күштерінің қолдауына ие Сирия әскерін ауруханаларға, наубайханаларға және басқа да қоғамдық орындарға әдейі әуе шабуылын жасағаны үшін айыптаған болатын.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1430
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3007
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1076
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1004