Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3157 0 пікір 27 Қазан, 2016 сағат 13:33

ОҚО шаруалары мақтаның гектарынан 24 центнерден өнім алуда

Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы ауыл шаруашылығын оның ішінде мақта шаруашылығын дамытуға ең қолайлы аймақ болып табылады. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан еліміздегі ақ мақтаның негізгі отаны саналады. Өңірде биылғы жылы 109,6 мың га жерге мақта шиті егілсе, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 10,3 мың га артық. Қазіргі таңда түсімділігі орташа есеппен әр гектардан 24 центнерден  262,5 мың тонна шитті мақта немесе меженің 94,7 пайызы жиналды.

Мақта өңдеу ұйымдарында шитті мақта қабылдау бағасы алғашқы кезде 1 килограмы 160-165 теңгеден (2015 ж 1 кг бағасы 107 теңгеден басталған) басталып, бүгінгі таңда мақтаның 1 килограмы сортына байланысты 130-145 теңгеден қабылдануда.

Қазіргі таңда әр ауданның климаттық жағдайына байланысты  2-ші, 3-ші терім науқаны жүруде. Мақта жинау жұмыстарын қараша айының 1 онкүндігінде аяқтау жоспарлануда. Ал облыс бойынша мақта теретін 512 дана комбайн бар. Оңтүстік Қазақстанда мақта жинау жұмыстарының 65% комбайнмен теріледі.

Жалпы алғанда мақта – еліміздің экономикасын өркендету ісінде зор маңызы бар өте бағалы дақыл. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394