Сейсенбі, 8 Қазан 2024
Білгенге маржан 3889 0 пікір 27 Қазан, 2016 сағат 13:14

16 РЕТ ТҮСІК ТАСТАҒАН АНА ҚАЗІР 1 БАЛАҒА ЗӘРУ

16 рет түсік тастағаннан кейін дүниеге перзент әкелген ананың қуанышы ұзаққа бармады. Қызы менингит ауруына душар болғаннан кейін ол перзентінен бірнеше сағаттан соң айырылып қалды.

Флер Роуз Аллен 15 айлық жас жамасында көз жұмды. Ол кезде нәрестенің тәй-тәй басып жүргеніне небәрі бірнеше күн болған еді, деп жазды stan.kz.

Сәбидің анасы 32 жастағы Лиззи дене қызуы көтерілгеннен кейін оған дәрі ішкізеді. Алайда нәрестенің жағдайы күрт нашарлап, арада бірнеше сағат өткеннен кейін ол көз жұмады.

Сәуір айында болған қайғылы оқиғадан кейін берген сұхбатында Лиззи менингит ауруының өмірге қаупі туралы айтты.

«Флер-Роуздың денсаулығы сондай жақсы еді”, – деді ол.

«Келесі күні күндізгі сағат 1 шамасында біз одан айырылып қалдық. Ол әкесі Мэттің тізесінде отырған еді. Кешкі сағат 6-да ол аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Ал 11.04-те көз жұмды», – дейді қайғыдан қан жұтқан ана.

Ауруханаға жеткізілгеннен кейін бүлдіршін ойыншықтармен ойнап, көңілдене түскен. Алайда бір уақытта Лиззи оның мойнынан кішкентай қызыл дақты байқап қалады.

«Бір кезде дәрігерлер оған менингиттің дәрісін беретінін айтты», – дейді Лиззи.

Ақырында Флер-Роуздың менинтиттің стрептококкты түрімен ауырып қалғаны анықталды. Анасы жастар арасында менингиттің белгілері туралы ақпарат көбірек таратылса дейді.

Abai.kz 

0 пікір