Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2735 0 пікір 26 Қазан, 2016 сағат 15:56

Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жол» аясында салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Партия Төрағасының Бірінші орынбасары аймақтағы мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Ең алдымен Саяси ұйым басшылығы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үй құрылысының жұмысын аралап көріп, мердігер мекеменің басшысына құрылыстың сапалылығына баса назар аудару қажеттігін айтты.

Шымкент қаласы «Асар»  шағын ауданында орналасқан бұл тұрғын үй ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық меройтойы қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталған 30 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысын «Southern bilding group» ЖШС-сі жүргізуде.

Сонымен қатар, ол аталған бағдарлама  шеңберінде салынып жатқан 1200 орындық мектептің құрылысымен танысып, облыстағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Ең бастысы халық жұмыссыз қалмау қажеттігін айтқан Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жол» бағдарламасына биыл Қазақстанда 770 млрд. теңге бөлінгенін атап өтті.

Өңірдегі «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын баяндаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды облыста 2016 жылы құны 20 197,7 млн. теңге болатын 50 нысанның құрылысы жүргізіліп  жатқанын айтты. Оның ішінде 10 нысан өткен жылдан өтпелі болса, 40 нысаны жаңа құрылыс. Атап айтар болсақ, 26 мектеп, 1 балабақша, 1 жатақхана мен 11 инфрақұрылым және 11 тұрғын үй құрылыстар.

Айта кетейік, аталған нысандарда қолданылып жатқан құрылыс материалдардың басым бөлігі отандық өнім.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420