Алматы қаласында дін мәселесі жөнінде профилактикалық шаралар өтеді
27-28 қазан аралығында Алматы қаласының тұрғындары арасында дін жөніндегі Республикалық ақпараттық-насихаттау тобы (РАНТ) мүшелерінің қатысуымен 10-нан астам түрлі профилактикалық бағыттағы іс-шаралар өтеді.
Негізгі іс-шаралардың арасында - жергілікті ақпараттық-насихаттау топтарының мүшелері, атқарушы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін семинар-тренингтер; мұғалімдер үшін дәрістер мен оқыту семинарлар; мешіт «жамағаттарымен» әңгімелер; жұмыс ұжымдары, жастар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерімен кездесулер, жоспарланып отыр.
Республиқалық ақпараттық-насихаттау топтың құрамына жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері, еліміздің жетекші теологтары, мемлекет және қоғам қайраткерлері кіреді. Олар:
- Министрліктің қоғам және БАҚ-пен байланыс жөніндегі басқармасының басшысы - Иманбаев М.О. (топ басшысы);
- ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директорының орынбасары - Баймаханов Б.К;
- ҚМДБ Шариғат және фетва бөлімінің басшысы - С. Шоқан;
- «Білім» қоғамдық бірлестігінің директоры - Р. Ержанов және басқалар.
Осы саладағы профилактикалық іс-шаралардың жоғары маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, жүргізіліп жатқан Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының қатысуымен іс-шараларға атсалысып, оларды жоғарғы деңгейде жарықтандыруды сұраймыз.
Атап айтқанда, РАНТ пен журналистердін кездесуі 28 қазанда Алматы әкімдігінде өтеді. Іс-шараның басталуы сағат 11.00 жоспарланған. Аккредиттациалау қарастырылған. Іс-шараға қатысу үшін, centr.ddralmaty@mail.ru электрондық поштаға журналист (қатысушы) туралы мәліметтерді 27.10.2016ж. 17.30 сағаттан кешіктірмей жіберу қажет.
Abai.kz