Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2510 0 пікір 26 Қазан, 2016 сағат 13:34

Облыс әкімі құрылысы жүріп жатқан білім ошақтарын аралады

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. 

Ең алдымен, аймақ басшысы «Ақжайық» шағын ауданындағы №59 жалпы орта мектептің қосымша құрылысын аралап көрді. Жоспар бойынша 2017 жылы пайдалануға берілетін білім ошағы 600 орынға шақталған. Мұнан соң, Жансейіт Қансейітұлы бастаған жұмысшы топ «Қайнар-бұлақ» саяжайындағы 1200 орындық мектептің құрылысымен танысты. 

Нысанның сапасын қадағалаған аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтап, онда қолданылатын құрылыс материалдарының баланың денсаулығына зиянсыз болуы қажеттігін ескертті.

Өңір басшысы аймақтағы әлеуметтік нысандарды салу жұмыстарына кәсіпкерлерді көптеп тартып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керектігіне тоқталды. Жекеменшік ғимараттары бар азаматтарға «Балапан» бағдарламасының екінші деңгейі бойынша шағын балабақшалар ашуға мүмкіндік жасау керектігін айтты. 

Бүгінгі таңда облыс бойынша 63 мектептің іргетасы қаланып, оның 37-і бүгінгі күнге дейін пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы да бірқатар нысандар ел игіліне тапсырылады деп күтілуде. Нысандардың басым бөлігі, Сайрам, Шымкент, Мақтаарал және Қазығұрт аудандарынан бой көтеруде.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435