М.БОҚАЕВ ПЕН Т.АЯНОВ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ ТАҒЫ ҮШ КУӘГЕРДЕН ЖАУАП АЛЫНДЫ
№2 Атырау қалалық сотындаМакс Боқаев пен Талғат Аяновтың ісі бойынша басты сот отырысы одан әрі жалғасуда. Түстен кейінгі отырыста Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының басшысы Арман Бәженов пен Атырау қаласы Ішкі саясат бөлімінің басшысы ЖанатДосқалиеваданжауап алынды.
Бүгінгі отырысқа сотталушылар М.Боқаев пен Т.Аянов қатысты, ал олардың қорғаушылары отырыста әдеттегідей өтініштер жаудырып, куәгерлерге қойған бір сұрақты мың қайталаумен болды.
Ал куәгер А.Бәженов 24 сәуірде болған митинг туралы әңгімелеп берді. Ол митингте халықтың жиналғанын және әкімдік тарапынан түсіндіру жұмысының жүргізілгенін айтты.
«Митинг соңында М.Боқаев микрофонмен үкіметке 21 мамырға дейін тиісті жауап беруге уақыт беретіндігін, егер жауап түспесе, осы алаңда тағы да жиналу керектігін жиналған жұртқа жеткізді», - деді А.Бәженов.
Сондай-ақ, отырыста Атырау қаласы Ішкі саясат бөлімінің бұрынғы басшысы Жанат Досқалиевакуәлік етті. Ол да куәгер ретінде қатысқан әкімдік қызметкерлері сияқты Т.Аяновтың жиналысқа қатысып, ескертілгенін растады.
Бүгін сондай-ақ, Атырау қаласының бұрынғы әкімі Нұрлыбек Ожаевтан та жауап алынған болатын. Ол ескерткіш орналасқан алаңдар митинг үшін рұқсат етілген жерлердің қатарына ешқашан енбегенін айтты.
«Себебі бұндай алаңдардың тәрбиелік мәні зор, олар халқымыз үшін қасиетті, киелі саналады. Қалада Исатай-Махамбет алаңынан өзге Құрманғазыалаңы, соғыстан қайтпаған сарбаздарға арналған Мәңгілік алау алаңдары да бар. Сондай, ескерткіштер тұрған алаңдарда митинг өткізуге рұқсат етілмейді», - деді Н.Ожаев.
Еске сала кетсек,М.Боқаев пен Т.Аяновқа ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айыптар тағылуда. Атап айтсақ, олар: 174 баптың 2 тармағы, яғни, әлеуметтік және ұлттық алауыздық туғызуға бағытталған қасақана іс-әрекеттер жасау, азаматтардың ұлттық намысы мен қадір-қасиетіне тіл тигізу; 274 баптың 4 тармағы, яғни, қоғамдық тәртіпті бұзуға қауіп төндіретін көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату; 400 бап, яғни, заңсыз шерулерді ұйымдастыру, өткізу және оған қатысу.
Abai.kz