Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2297 0 пікір 24 Қазан, 2016 сағат 23:23

Шаруалар шүкір деп отыр

«Шүкiр, тiрлiгiмiздi дөңгелетiп отырмыз» дейдi ордабасылық шаруалар. Ордабасы ауданына қарасты Қажымұқан ауылында мемлекеттiк бағдарламалар бойынша жеңiлдiктерге қол жеткiзiп, өз кәсiбiн дөңгелетiп отырған жандар көп.

Ауыл округiнiң әкiмi С.Өтебаевтың айтуынша, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 48 азамат өтiнiш бiлдiрген. Бүгiнде соның 24-iне мал шаруашылығын дамыту үшiн мемлекет тарапынан 63 млн. 500 мың теңге берiлiптi.

Сонымен бiрге, шағын кәсiпкерлiк үшiн жол тасымалдау қызметi мен көлiк жөндеу шеберханасы сынды жеке кәсiпкерлiктi құруға 12 азамат ниет бiлдiрiп, оның үшеуiне 8 миллион теңге көлемiнде қолдау көрсетiлген.

Естеріңізге сала кетейік,  «Сыбаға» бағдарламасынан сыбаға алған тағы бір оңтүстіктік кәсіпкер Айымхан Рахиева«Рахиева» шаруа қожалығының иесi Айымхан Рахиева Қажымұқан ауылында монша салып қана қоймай, шағын және орта кәсiпкерлiктiң басқа да бiрнеше түрiмен айналысып жүр. Айымхан апай кiшi ұлы Нұрғали өзiнiң жолын қуып, кәсiппен айналысамын дегенде қуана келiсiптi. Кенже ұлына қолдау көрсетiп, ақыл-кеңесiн айтқан. Бүгiнде 12 сотық жерге жылыжай салған Нұрғали ауылдың үш адамына жұмыс берiп отыр.

Шаруалар 45 күнде жемiс беретiн қиярдың баптауы келiссе, 3-4 айға дейiн өнiм беретiнiн айтады. Ең бастысы, күтiмiн келiстiруiңiз керек. Өнiмдi өткiзу де соншалықты қиын проблема емес. Тiптi, Нұрғали еккен қиярды Алматыдан арнайы келiп алып кететiн фирмалар да бар екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498