Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2808 0 пікір 24 Қазан, 2016 сағат 10:32

201-ші ресейлік әскери база тәжік таксишісіне өтемақы төлемей қойды

Ресейдің 201-ші әскери базасында әскери қызметкері Дмитрий Толстой ұрған және пышақтаған тәжік таксишісі Тохир Сұлтонов моральдық және материалдық өтемақы өндіре алмады.

Тәжікстандағы 201-ші ресейлік әскери базаның басшылығы біздің арызымызға құлақ асар емес, деп мәлімдеді жәбірленушінің адвокаты, заңгер және парламенттің бұрынғы депутаты Саодат Амиршоева. "Олар Дмитрий Толстойды "есі ауысқан" адам ретінде көрсеткілері келеді", - деді адвокат.

Таксишіге шамамен отыз мәрте пышақ сұққан 23 жастағы Толстой қазір Ресейде, сот шешімімен оны Екатеринбургтегі психиатриялық клиникаға жатқызған. Тоғыз ай бұйрынғы іс бойынша сот шешімі туралы жәбірленуші тарапқа хабар берілмеген.

Тохир Султонов пен оның адковаты 201-ші әскери базадан 5 миллион рубль өтемақы талап етті. Сұлтонов бір айға жуық ауруханада жатып шықты және автокөлігін жөндеуге шығын шығарды. Денсаулығының ауыр екеніне қарамастан Сұлтонов еңбек миграциясына кетуге мәжбүр болды.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2055
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4915
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113