БҰҰ Ауғанстандағы апиын өндірісінің ұлғайғанына алаңдайды
Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанда апиын өндірісі шамамен екі есеге көбеюі мүмкін екендігіне алаңдайды.
БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының есебіне сәйкес, 2016 жылы көкнәр егілген алқап көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқан. Апиын өндірісінің көлемі 43 пайызға дейін ұлғаюы мүмкін. Көкнәр алқаптарының дені "Талибан" қозғалысының бақылауында қалды.
Көкнәр дәнінен апиын дайындайды, ал ол заттан морфий және героин өндіреді. Апиын көкнәрі Ауғанстанда 2001 жылдан бері көптеп өсіріле бастады. 2013 жылы Ауғанстанда шамамен 5 мың тонна апиын өндірілген, бұл - әлемдік өндірістің шамамен 80 пайызы.
Абай-ақпарат