Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3124 0 пікір 24 Қазан, 2016 сағат 08:57

Ресейдің сыртқы істер министрлігі мекеме сайты бұзылғанын растады

Ресейдің сыртқы істер министрлігі мекеменің ресми сайты бұзылғанын растады. Министрлік өкілі Мария Захарованың мәлімдеуінше, қазіргі таңда министрлік мамандары хакерлік шабуылдың артында кім тұрғанын анықтап жатыр.

CNN телеарнасының хабарлауынша, америкалық The Jester ("Қылжақбас") атты хакер ресейлік сыртқы істер мекемесінің сайтын бұзып кіріп, АҚШ-қа кибер-шабуылдарын доғару талабы туралы хабарлама тастап кетті. "Бәлкім, сіздер көрші елдерге сек көрсете алатын шығарсыздар, бірақ Американы қорқыта алмайсыздар. Мұнда бұл әрекетпен ешкімді таңқалдырмайсыз", – делінген бұл хабарламада.

CNN мәліметі бойынша, хакер ірі америкалық сайттар мен сервистер, атап айтқанда - Twitter, PayPal, Amazon, Spotify, Ebay, Netflix және Vox-қа жасалған кибершабуылдарға қарсы жауап берген. ФБҚ және АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік министрлігі тергеу жүргізіп жатыр.

Қазан айының басында Құрама Штаттар билігі Ресейді америкалық сайлау науқанына араласу мақсатымен жасалған хакерлік шабуылдарды ұйымдастырды деп айыптады. Мәскеу бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр. Кейінірек АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы ресейлік кибероперацияға жауап дайындап жатқаны белгілі болды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2047
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4909
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4108