Сайрамның негізгі кәсібі мал шаруашылығы
Сайрам ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі аудандардың бірі, халқының тығыздығы жағынан өте үлкен, әрі даму әлеуеті аса жоғары, көпұлтты аймақ. Халық саны 2016 жылдың 1 мамырында 200,6 мың адамға жетті. Аудан халқының негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Ірі қара мал етін өндіріп сатуда республикамызды ғана емес, алыс-жақын шет елдерді де етпен қамтамасыз етіп отырған өңір.
Сайрам ауданы, мал басын бордақылаудан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша алдыңғы қатардағы аудандардың бірі. Бүгінгі таңда ірі қара мал басы 176342 құраса, оның 32042 басы бордақылауда тұр. Бордақылау алаңдарында 1746 адам жұмыс істеуде.
Сайрам ауданындағы елді мекендер ішінде халық ең көп шоғырланған Қарабұлақ ауылдық округінде 10000 аса мал басы сиатын жаңа мал базары орны салынуда. Яғни, абаттандыру жұмыстарын жүзеге асыру бойынша құрылған жоспарға байланысты ауылдық округі әкімі мен жеке кәсіпкер А.Хасанов арасында түзілген «Ауыл орталығында орналасқан мал базарын ауыл сыртына көшіру мен өзара ынтымақтастық туралы келісімге» сәйкес, жеке кәсіпкер А.Хасанов тарапынан жаңа мал базары құрылысы жүргізілуде. Сондай- ақ, ет комбинаты орналасқан Қарабұлақ ауылы елді етпен қамтып отыр.
Abai.kz