Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2889 0 пікір 22 Қазан, 2016 сағат 18:54

Отырарлық шаруалардың төккен тері ақталды

Отырар ауданы әкімі Ерлан Айтаханов Маяқұм, Балтакөл ауыл округтерінде  іссапармен болып, «Отырар-Сүт-Ет» селолық тұтыну кооперативі мен  «Отырар Агро өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, диқандармен кездескен болатын. Қазіргі таңда кооператив құрамына жергілікті «Серікбай-Б», «Мейірбек ЛТД», «Үсенов-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер кіреді.

Кооператив биыл 190 гектар алқапқа «Жиенбай» сортты қауыны, 130 гектарына жоңышқа, 100 гектарына жүгері дақылдарын еккен.

Тың технологияларды пайдалану арқылы мол өнімге қол жеткізген шаруашылықтың өнімдеріне сұраныс жоғары болып отыр. Бүгінде Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларынан келген кәсіпкерлер өздері тасымалдап әкетуде.  Бұл – шаруалардың төккен тері мен еңбегінің жемісі.

Ал, Балтакөлдегі диқандар ғылымға негізделген, соңғы озық технологияларды пайдаланып 104 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен пияз еккен болатын. Диқандар әр гектарынан 60 тоннадан өнім алуда. Бұл өнімдер келісім-шарт бойынша «Отырар қойма» ЖШС-нің қоймасында сақталады. Сонымен қатар, 50 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен күздік пияз егіліпті.

Айта кету керек, Орта Азияда Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. Дегенмен, «Еуразиялық экономикалық Одақтың» арқасында Оңтүстік шаруалары өнімдерін Ресей мен Белоруссияға оңай экспорттап, кедендік мәселелердің болмауының арқасында шет елдерге жол тартуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4931
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129