Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2869 0 пікір 21 Қазан, 2016 сағат 13:41

Түркіменстан тағы бір жер серігін ұшыруды ойластырып жатыр

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, Түркіменстан мен ҚХР ғарыш саласындағы әріптестік мүмкіндіктерін талқылады.

Түркіменстан делегациясы бұл күндері Қытай және Орталық Азия елдерінің IV Форумының жұмысына қатысып жатыр. Форум Қытайдың ең ірі іскерлік орталықтарының бірі - Сычуань провинциясының Ченду қаласында басталды.

Бұл өңірде Сичин ғарыш айлағы орналасқан. Жүзден астам ғарыш аппараты мен зымыран осы жерден ұшырылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Түркіменстан екінші ұлттық жасанды жер серігін жасау жұмыстарын жүргізіп келеді. Алғашқы жер серігі 2015 жылы 28 сәуірде Канаверал мүйісінде (Флорида штаты, АҚШ) ұшырылды. Аппаратты ғарыш кеңістігіне "Falcon 9 v1.1" зымыран тасығышы алып шықты.

Еске салайық, бұған дейін президент Гурбангұлы Бердымұхамедов алғашқы жер серігінің мүмкіндіктері толықтай қолданылмай келетініне наразылық білдірген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5531