Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2455 0 пікір 21 Қазан, 2016 сағат 13:39

БҰҰ Алеппода әуе шабуылдары уақытша тоқтағанын растады

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун сириялық Алеппо провинциясында әуе соққылары тоқтағанын мәлімдеді. БҰҰ Бас Ассамблеясының бейсенбі күнгі бейресми отырысында ол Ресейдің Алеппоны атқылауын тоқтату туралы шешіміне қолдау білдірді.

Бас хатшының айтуынша, ұйым жанжал аймағына дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстарын бастап кетті. Дегенмен халықаралық ұйым Алеппо қаласының шығыс бөлігіне гуманитарлық жүкті толық жеткізе алмай отыр.

Бейсенбі күні Алеппода 11 сағаттық "гуманитарлық үзіліс" басталды. Осы уақытта Ресей мен сириялық үкімет әуе соққыларын доғара тұрады. Қалада гуманитарлық дәліздер ашылды. Сол арқылы бейбіт тұрғындар мен қарулы бүлікшілер қаланы тастап кете алады. Кейінірек Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу гуманитарлық үзіліс бір тәулікке созылатынын мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534