Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2775 0 пікір 21 Қазан, 2016 сағат 13:38

Халықаралық ұйымдар қазақ белсенділеріне қолдау білдірді

Азаптауға қарсы дүниежүзілік ұйым серіктестігі халықаралық қауымдастықты жер реформасына қарсы шыққаны үшін қудалауға ұшараған азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талған Аянды босатуын сұрап, Қазақстан билігіне хат жазуын өтінді.

Observatory for the Protection of Human Rights Defenders ұйымының үндеуінде ұйым Боқаев пен Аянға тағылған барлық айыптар ойдан құрастырылған, оның барлығы екеуінің азаматтық беленділігі мен адам құқығын қорғау қызметі үшін жасалған жаза деп есептейтіні айтылған.

Мәлімдемеде әділеттік сот стандарттарының сақталмай отырғаны туралы жазылды. Ұйым Қазақстан билігінің азаматтардың бейбіт жиын және қауымдастық құқығын шектеу әрекетін сынады.

Азаптауға қарсы дүниежүзілік ұйымның сайтында жарияланған мәлімдемеде аталған ұйым халықаралық қауымдастықтан Боқаев пен Аянды босатуын сұрап, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа, адам құқығы жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровке, бас прокурор Жақып Асанға хат жазуын өтінген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2055
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4915
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113