Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2397 0 пікір 21 Қазан, 2016 сағат 13:36

ОҚО әкімі БАҚ басшыларымен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Жаңа ақпараттық саясат: бағдар мен болашақ» тақырыбындағы ІІ республикалық журналистер форумына қатысушы республикалық және облыстық БАҚ өкілдерімен кездесті.

Шығармашылық өкілдерімен болған кездесуде әкім басылым - мемлекетіміздің тыныс-тіршілігі мен айнасы екенін айтып, республикалық форумға арнайы келгендері үшін алғысын білдірді. Сонымен бірге, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Өз кезегінде, қаламгерлер де аймағымыздың күннен-күнге дамып келе жатқан үлгілі өңір екенін тілге тиек етіп, Күнгей өлкенің игі бастамалардың ордасы, еңбекқор өлке екенін атап өтті. Оңтүстіктің ақпараттық кеңістігі дамыған аймақ екеніне тоқталған қарымды қаламгерлер біздің облыстан үйренер істің көп екенін айтты.

Жиын соңында Жансейіт Қансейітұлы БАҚ өкілдеріне шығармашылық табыс тілеп, бүгінгі форумда талқыланған мәселелер қоғамдағы күрделі проблемаларды шешуде септігін тигізеріне сенім білдірді. 

Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысы БАҚ саны жағынан республикада екінші орында. Қазіргі таңда облыста 239 БАҚ жұмыс жасаса, оның 171-і газет, 38-і журнал, 13-і телеарна, 4-і радио және 13-і интернет сайт.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534