Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 4825 0 пікір 20 Қазан, 2016 сағат 11:25

ПӘЛІ, «ПАША-ПАЦАН» ПӘ-ГЕ КЕТТІ...

Аты шулы Паша - Павел Кулагин - Ақмола облысының әкімі, Қазақстандағы алып жер иеленуші (латифундист) Сергей Кулагиннің ұлы. Міне, отызға енді толған «Паша-пацан» ерекше  қабілет дарынымен  көзге түсіп, Президент әкімшілігінің (ПӘ) инспекторы болып тағайындалыпты. Періндіртіп ПӘ-ге барғаны туралы Павел Сергеевич өзінің «Инстаграмм» желісіндегі парақшасында сүйінші сұрап, мәлімдеді.

«Қымбатты достар! Бүгін Астана әкімі Әсет Орынтайұлы менің Президент әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалғанымды айтып, құттықтады. Маған көрсеткен сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рақмет айтқым келеді. Достар, мен әрқашан да бірлесіп жұмыс істеуге даярмын. Әрине, ауданымызды, қаламызды әм Отанымызды көркейту жолында, Елбасының маған артқан сенімін ақтауға аянбай еңбек етемін»,-деп жазады ол.

Пашаның папасы да паң кісі. Әкімдер корпусында бірнеше мәрте тентектік жасап, көзге түскен Кулагиннің агро-алпауыт екені баршаға белгілі. «80 мың гектар жерім бар» деп шіренген Сергей мырза керек десеңіз "пайғамбармен де істес адам".

(Рудныйдағы Иоанн-Богослов шіркеуінде Иса пайғамбардың Иерусалимге келген  сәті бейнеленген төмендегі картинаға қараңыз):

Міне, сол фрескада  пайғамбарды күтіп алушы иерусалимдіктердің  арасында Кулагин де тұр. «Арамызда жүрген  Кулагин 2 мың жыл бұрынғы көне Иерусалимге қалай барып қалды, мүмкін қателік шығар», десіп еді жұрт. Жоқ, қателік емес екен, бұл әкімге жағынуға тырысқан суретшілердің «тосын сыйы» болып шықты. Ал  шіркеудегі поптар «Кулагиннің апостолдардың арасынан табылуы дінімізге қайшы келмейді» деп ақтай жөнелді. Жә, ол бөлек әңгіме. Пашаға оралайық...

Павел Кулагиннің жасы 30-да. Мемлекеттік қызметтің түр-түрін көрген Кулагиннің баласы бір кездері Елорда әкімінің кеңесшісі де болған. Сосын 2013-жылы Астана қаласындағы «Алматы» ауданының тізгінін ұстады. Ол кезде Пашаның жасы небәрі 26-да еді.  «26 жасында қалайша аудан әкімі болады?» деп жұрт сонда бір шулаған.  Әке жолын қуамын деген  «Паша-пацанның» әкім болуыға шамасы жетпей, тестілеуден өте алмай, ақырында Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарып еді. Алайда 2015 жылы «Сарыарқа» ауданының әкімі болып шыға келді. Рас, Паша алғаш әкім болғанда папасы оны жақсылап қорғаштап баққан-ды. «Жас болса несі бар? Мен де 26-27 жасымда колхозды басқарғанмын. 26 жасында бастық болғандар жоқ дейсіңдер ма? Неге тек Кулагинді байқап қойдыңдар? Анықтап көрсеңдер, жасы одан да кішілерді табасыңдар» деп еді сол кезде Сергей Кулагин. Секеңнің сөзінің жаны бар. Тегінде «Ақорданың ақсаусақ балалары» аз емес.  Әбіқаевтың баласы - Сергей Нұртаев  Итальияда елші, министр болған Владимир Школьниктің баласы - Игорь Школьник «Самұрық-Қазынада» істейді т.б. 

Хош, Астана әкімшілігінде бірнеше кабинет ауыстырған Паша енді Президент әкімшілігіне ауысты. Әкім болуға қабілеті жетпеген Пашаның Президент әкімшілігінде не істеп, не тындыратынын алдағы уақытта көре жатармыз...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562