Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3922 0 пікір 19 Қазан, 2016 сағат 13:23

Леңгір қаласында 8 көпқабатты тұрғын үй бой көтермек

Төлеби ауданы Ленгер қаласының 1 шағын ауданында «Өңірлерді дамыту -2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 480 пәтерлі 8 көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталды.

Ғимараттарға жер қазу жұмыстары басталғалы аудан басшысы Бұхарбай Парманов игі істің басы-қасында болып, жұмыстардың сапалы болуын жіті бақылауда.

Ленгер қаласынан бой көтеріп жатқан бес қабатты 8 үйдің әрбірі 60 пәтерден тұрады. Бүгінге дейін аталған баспаналардың мердігерлері мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелері анықталып, келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, нысандар құрылысын жүргізу үшін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан рұқсат қағаз алынып, үйлердің жер қазу жұмыстарының қайта нығыздау жұмыстары  жүргізілуде.

Айта кетейік, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы 2017 жылы аяқталып, қыркүйек айына қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде. 

Сонымен қатар,  осының алдында облыс орталығы Шымкент қаласында дыбысты бағдаршамдар пайда болғандығын хабарлаған едік. Көздері нашар көретін зағип жандарды қолдау мақсатында қолға алынған ілкімді тірлік көпшіліктің көңілінен шығып үлгерді. Қала басшылығы бюджеттен бөлінген 6 млн теңгеден астам қаржыға кәдімгі бағдаршамдар орнатылған 20 қиылыста осындай дыбысты бағыттағыштарды іске қосып отыр.

Бұл бағдаршамның ерекшелігі сол, қай көшенің қилысында тұрғаныңызды және жүруге неше уақыт қалғанын есіңізге салып, айтып береді. Сала мамандарының мәлімдеуінше, ОҚО бойынша мүмкіндігі шектеулі 109 мыңнан астам азамат бар. Оның жартысына жуығы — зағип жандар. Мынадай бағдаршамдар сол жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қарастыруға бағытталған бірден бір қондырғы.

Осындай бағдаршамдарды алдағы уақытта қаламыздың өзге де көшелеріне орнату жоспарланған. Шымкент қаласы бойынша бүгінде 167 бағдаршам, 7 мыңнан астам жол белгісі бар. Енді дыбысты бағдаршамның жұмыс жасау жүйесін жүйелеу керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578