Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 4242 0 пікір 18 Қазан, 2016 сағат 11:16

САЛАУАТ ІЗМҰХАМБЕТОВ: ӘКЕМДІ МАЗАЛАЙ БЕРМЕҢІЗДЕР!

Бұрынғы әкім, бұрынғы депутат, Мәжілістің бұрынғы төрағасы, ал, бұл күндері республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақытқожа Ізмұхамбетовтың ұлы Салуат БАҚ арқылы көпшілікке «Әкемді мазалай бермеңіздер», - деген өтініш айтып отыр. «Әкемді мазалай бермеңіздер, бәріне мен өзім жауап беремін», - дейді ол. Салауатпен nur.kz сайтының тілшісі жолығып, сұхбат жасады.

Айтпағымызды оқырманның жадына салып қойғанымыз артық болмас. Осыдан бірер ай бұрын «Бақытқожа Ізмұхамбетовтың ұлына жар болғанмын» деп Әйгерім есімді әйел ғаламторда үлкен шу көтерді (суретте). Ізмұхамбетовтың ізбасарынан ажырасып кеткендігін жария еткен Әйгерім қазір бала-шағасымен алақан жайып қалғанын да жасырмаған еді. «Ізмұхамбетовтың немерелері тіленшілікпен тіршілік кешіп жүр» дегенді суретімен қоса ғаламтор бетіне тоғытқан Әйгерімнің халі естіген жұрттың жағасын ұстатқызған. Енді міне, үнсіз қарап отыра бермеу керек деп шешсе керек, Әйгерімнің бұрынғы күйеуі Салауат та сөз алып отыр.

Тілшімен сұхбат барысында Салауат өзін ұстамды, байсалды адам ретінде көрсетіпті. Көзінде мұң, кеудесінде күрсініс барын да білдіріп отырған. Ол Әйгеріммен тым албырт шағында бас құрағанына өкінеді екен. Шахматтан халықаралық жарыс өтетін болып, Ялтаға барған Салауат сол ортада қостанайлық ару Әйгеріммен ұшырасады. «Әйгерім расында бәденді еді. Шашы ұзын болатын» деп еске алады Салауат. Алайда, көркем келбетті, ұзын шашты қызды Салауаттың ата-анасы да, туған ортасы мен достары да етене қабылдамайды. Ата-ана мен достарының тарапынан жылы қабақ болмаған соң қос ғашық қол ұстасып Мәскеу аттанады. Аталған алып шаһарда біраз тұрып, ел-жұртты сағынған соң қайтып оралады. Бұған Салауаттың ата-анасы, бауырлары қуанып, той жасайды. Алматыдан, бай-бағыландар тұратын ауданнан даңғарадай үш бөлмелі пәтер сыйға тартады. Содан кейін... бәрі ойдағыдай еді. Алайда Әйгерім мінез шығара бастайды. «Маған оның құрбылары қоңырау шалып, «әйеліңнің жеңіл жүрісі бар» дегенді де айтып қалып жүрді» деп күрсінеді Салауат. Содан кейін-ақ жас жұбайлардың жұлдызы бір-біріне суық тарта бастаса керек.

«Мен үйден кетіп қалып та жүрдім. Кейде ойынханаларда қонып қалатынмын. Бірақ, барымды төгіп-шашып, отбасыма, ата-анамның дәулетіне зиян келтірген емеспін», - дейді Салауат.

Осындай қарым-қатынастан кейін Салауат пен Әйгерім ажырасып тынады. Ажырасарда Салауат Әйгерімге үш бөлмелі пәтерді бермек болады. Алайда Әйгерім үйден бас тартады. Салауаттың әке-шешесі беріге дейін Әйгерімге көмектесіп тұрады. «Себебі немерелері Әйгерімнің қолында кетті емес пе?» - дейді Салауат.

Салауат-Әйгерім жырының бас-аяғы – әзірге осы. «Әйгерім шу шығарған соң мен сәуір айнан бері алимент төлей бастадым. Қазірдің өзінде 1 805 870 тенге төледім. Енді табысымның 50 пйызын балаларыма жіберіп тұрамын», - деді ол тілшімен сұхабтының соңын қортындылап.

Салауат Бақытқожаұлы Ізмұхамбетов Ақтөбедегі мұнай компанияларының бірінде жұмыс істейді. Әйел затынан көңілі қатты қалса керек, Әйгерімнен кейін ол ешкіммен отау құрмапты. Сүр бойдақ.

«Әке-шешемнің жүрегі ауыратыны бар. Олардың алдында мен кінәлімін. Сол үшін екеуінен кешірім сұраймын. Мен әкемнің мінсіз қызметі мен көлеңкесіз өміріне кіреуке салдым. Соған қатты өкінемін. Менің әкемді мазалай бермеңіздерші. Мен өзім бәріне жауап беремін», - дейді Салауат.

Abai.kz    

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588