Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 4017 0 пікір 17 Қазан, 2016 сағат 15:54

АРШАВИН: ҚАЗАҚСТАН ТУРА РЕСЕЙ СИЯҚТЫ, БӘРІ ОРЫСША СӨЙЛЕЙДІ

Алматының “Қайратында” өнер көрсетіп жүрген ресейлік Андрей Аршавин Қазақстан туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Бұл туралы “Спорт день за днем” басылымына сілтеме жасапNUR.KZ хабарлайды. Аршавин Қазақстанда жүріп, қазы жегенді ұнатып қалғанын айтады.

“Мен жылқы етін бұрыннан да жейтінмін. Сондықтан қазы ұнады. Ал бешбармақ соншалықты ұнай қойған жоқ. Өзбекстанға жақын орналасса да, Қазақстаннан әлі дәмді палау жеген жоқпын”, – дейді Аршавин.

Сонымен қатар, футболшы Швейцариялық клубтардың бірінде ойнауға қалай қарайсыз деген сұраққа да жауап берді.

“Маған Алматы ұнайды. Мұнда бәрі тамаша. Достарым да көп. Шынымды айтсам, орысша сөйлемейтін елдерге барғым келмейді. Ал Қазақстанда бұл тұрғыдан қиындық жоқ. Мұнда бәрі орысша сөйлейді. Тура Ресей сияқты”, – деді футболшы.

Бүгінде Алматының “Қайратында” ойнайтын Аршавин 8 гол соғып үлгерді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592