Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3066 0 пікір 13 Қазан, 2016 сағат 16:59

ОҚО-дан Астанаға қарай ауыл шаруашылығы керуені жол тартты

Оңтүстік Қазақстан облысының Елордасы – Астанадағы күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы "Абай ақпарат" ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан өңірінен Бас қалаға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты. Мерейтойға тарту ретінде Оңтүстік қазақстандық диқандар өз өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаламақ,-деп жазады ресми мәлімдемеде.

Сонымен, керуен көшінде жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тн сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 тн бақша өнімдері, 7 тн балық, 7 тн бал, 3 тн өсімдік майы мен 5 тн кептірілген жеміс 15 тн басқа да өнімдер бар.

Оңтүстіктен Астанаға аттанған ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 100,8 млн.теңгені құрайды. Елордада «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы маңында 15-16 қазан күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50-ден астам Оңтүстік өңірдің тауар өндірушілері сапалы әрі балғын өнімдерін тұрғындарға ұсынбақ.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары өз өнімдерін тек қана Астана нарығына емес, еліміздің өзге де аймақтарына саудалауда. Мәселен, аталған ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі Алматы, Павлодар олбыстарында да ұйымдастырылған болатын. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысынан қаракөл қойлары Сауд Арабиясына экспортталды. Бұл аталған сектордағы басты жаңалық болды. Осыған дейін шетелден мал басын тасып, түрлі сұрыптарды өндіруге талпынған Қазақстанның Ауылшаруашылық министрлігіндегі жағымды жаңалық - енді Қазақстанның мал басына шетелдік сұраныс артуда.

 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627