ОҚО-да тамшылатып суару жүйесін өндіретін зауыт салынбақ
Бұл туралы "Abai.kz" порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Су шығынын 2-3 есеге дейін азайтатын осынау жобаны «Golden Camel Group LTD» компаниясы жүзеге асырмақ. Өндірістік қуаттылығы жоғары болып табылатын технологиялармен жылына 1500 га егістік жерді суғаруға болады. Кәсіпорын іске қосылғанда мұнда 120 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Айта кетейік, осы жылдың 28-29 сәуірінде облысымызда өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында «Golden Camel Group LTD» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Түркістан қаласында салынатын инвестициялық жоба өнімдерін негізгі саудалаушылар - жергілікті ауыл шуаруашылық өнімдерін шығарушылар мен ТМД елдерінің өндірушілері болмақ.
Жалпы жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылығы мақсатында тамшылатып суғару әдісі қосымша 6 мыңға жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға жетті. Бұл біздегі аталған жұмыстардың республикадағы үлесі 73% пайыз екенін көрсетеді.
Айта кетейік, соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашығы секторында ілгері серпіліс байқалады. Оңтүстіктік шаруалардың қажырлы жұмысына әкімдік тарапынан түрлі көмектер көрсетілуде.
Abai.kz