Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2520 0 пікір 11 Қазан, 2016 сағат 16:40

ОҚО-да «Ырыс» ұйымы қаржыландырған 25 үздік жоба анықталмақ

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, «Ырыс» микроқаржы ұйымы өзі арқылы қолдау тапқан кәсіпкерлер ішінен ең үздіктерін анықтауды бастады.

«Үздік жоба» аталымы - «Ырыс» қаржы ұйымынан алған несиені мақсатты пайдаланған, ай сайынғы төлемін уақытылы қайтарып отырған және облысымыздың кәсіпкерлік саласын дамытуға үлес қосып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізіп отырған 25 кәсіпкерге табысталады.

16 желтоқсанға дейін жалғасатын шараның нәтижесі туралы барлық ақпаратты жергілікті БАҚ пен «Ырыс» МҚҰ-ның әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы білуге болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Ырыс» МҚҰ арқылы 3 266,9 млн. теңгеге 1499 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде, көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына құны 1 387,9 млн. теңгені құрайтын 834 жоба жүзеге асырылса, мал бордақылау алаңдарын салу үшін 1 427,1 млн. теңгеге 541 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, шағын тауарлы сүт фермаларын ашу мақсатында құны 79,1 млн. теңгеге 33 жоба іске қосылып, басқа да қызмет түрлеріне кіретін жобаларға құны 372,7 млн. теңгені құрайтын 91 жоба қаржыландырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671