ОРАЛДА АССАМБЛЕЯНЫҢ ТУЫ ТӨМЕН ТҮСІРІЛДІ
«ЕЛ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМ» облыстық газетіне және әлеуметтік желіге «РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТТІ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЙЫҚ!» атты сын мақаламнан кейін, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимараты алдында Ассамблеяның туы төмен түсіріліп, ҚАЗАҚСТАН ТУЫ биік, жоғары желбіреді.
Білікті, іскер басшы Айгүл Есекенова басқарып отырған БҚО ішкі саясат басқармасы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуде, халық арасында ұлттық және қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы аса маңызды роль атқарып отыр.
Елдігімізді айшықтайтын мәселе бойынша көтерген сынды дұрыс қабылдап, Ассамблея басшыларына кемшілікті қалыпқа келтіру үшін тапсырма берген А.Есекеноваға рақмет айтып, алғысымызды білдіреміз. Басшы болса осындай болсын!
Талғат ҚАТАУОВ, Орал қаласы
Abai.kz